Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Әлеумет (страница 98)

Әлеумет

36 ЖОБАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРҒАН

Биылғы сегіз айда «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» микро қаржы ұйымы бірлесе 5 868,5 млн теңгені құрайтын 2 096 жобаға несие берген. Бұл туралы бүгін ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының басқарма төрағасы Қуаныш Байтөре мәлімдеді. Төрағаның мәліметі бойынша, қаржыландырған жобалар саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 43,5 пайызға артқан. Ал қаржыландыру сомасы 20,5 ...

Толығырақ »

АРНАЙЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МЕХАНИЗМІ

Оңтүстік Қазақстан облысында кооперативтерді құру жұмыстарын жеңілдету және дамыту бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылды. Мұнан бөлек, кооперативтерді құру және қаржыландыру бойынша 14 ауданда түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қаржыландыру лизинг формасында төмендетілген пайызбен (8 пайызбен) 84 айға, ал жеңілдетілген төлем мерзімі 24 айға дейін беріледі. Сонымен қоса кооперативтерге лизинг ұсыну бойынша бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтатын болсақ, кооперативтерге арнайы жеңілдетілген, яғни коперативтерден кепілдеме ...

Толығырақ »

КЕЛЕҢСІЗДІКТЕР КЕМИ ТҮСТІ

Жылыту маусымындағы оқыс оқиғалар да азайып отыр. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиналысында облыстық төтенше жағдай департаментінің өкілдері мәлімдеді. Олардың айтуынша, ОҚО-да 2017 жылғы жылыту маусымында улы газбен уланудың 24 оқиғасы тіркелді. «2017 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында исі газымен уланудың 24 оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 46 адам зардап шекті, оның ішінде 11-і қайтыс болды. Өткен жылмен салыстырғанда ...

Толығырақ »

ОҚЫС ОҚИҒАЛАР АЗАЙДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында суға шомылу және жылыту маусымындағы оқыс оқиғалар саны өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда азайды. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиналысында облыстық төтенше жағдай департаментінің өкілдері мәлімдеді. Брифингте сөз алған департаменттің төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Нұржан Әсібековтың айтуынша, департамент пен жергілікті полиция қызметкерлерінің жұмыла жұмыс атқаруы оң нәтиже беріп отыр. «Жыл басынан бері суға ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: ҚАЙРАТ МОЛДАСЕЙІТОВ

Молдасейітов Қайрат Құсейінұлы 1967 жылдың 18 қаңтарында Жамбыл облысы, Қордай ауданына қарасты Қаракемер ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1991 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтында «орман шаруашылығы инженерін», ал 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінде «заңгер» мамандықтарын бітірген.  Бүгінгі күнде «Отау Групп» компаниясын басқаруда. Қайрат Құсейінұлының жалпы еңбек өтілі – 25 жыл. Мемлекеттік қызмет өтілі 4 жылдан астам. Еңбек жолын 1992 ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: БЕЙБІТ БЕРТАЕВ

Суретші-кескіндемеші, фотосуретші — Бертаев Бейбіт Нарынбекұлы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара қаласында 1987 жылдың 1-мамыр айында қарапайым отбасында дүниеге келген. Балалық шағын ОҚО Түлкібас ауданының Шақпақ баба елді мекенінде өткізді. Тылсым табиғаттың сұлулығына қызыққан оқушы кезінде болашақта суретші болуға бел байлаған. Аңсаған арманына жету үшін тау-тасты қағаз бетіне бейнелеп, сабақ үстінде мұғалімнің портреттік бейнесінде салуға қызықты. 2004 жылы Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Институтының «Бейнелеу ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: БАҚЫТЖАН АЛДИЯР

Бақытжан Алдияр – ақын. Халықтық, қазақы ұлттық көркемдік уыздың қайнарларынан бастау алатын Бақытжандық тіл, Алдиярлық діл – ақынның айрықшылығы. Мархабат Байғұт: «Ең алдымен, Бақытжан – бәріміздің үнемі бір бүйіріміз бұрып тұратын кәдімгі нағыз қазақы ауылдың жыршысы. Оның ауылға деген сағынышы, махаббаты, балғын балалығына деген аңсары «Ауылға жазған арзулар» топтамасындағы жырларының әрбір шумағынан айқын сезіліп тұрады», – деп Бақытжан ақынның шығармашылығы ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: АБАЙ ҚАЛШАБЕК

Абай Батырұлы Қалшабек – ақын, аудармашы. Хикметтік проза жазумен, орыс-батыс классиктерін аударумен айналысады. Абай Батырұлы Қалшабек 1980 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Рабат аулында дүниеге келген. 2003 жылы «Қайнар» университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп шықты. 2001 жылы қараша айында өткен Республикалық жас ақын-жазушылардың кеңесіне қатысты. Өлеңдері облыстық «Оңтүстік Қазақстан», «Шымкент келбеті», республикалық ...

Толығырақ »

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

«ОҢТҮСТІК» Аймақтық инвестициялық орталығы облыс кәсіпкерлеріне жылына 7-8 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беру арқылы оларға қолдау көрсетіп келеді. Бұл туралы бүгін ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының Басқарма төрағасы Қуаныш Байтөре айтты. Оның айтуынша, қаржы орталығында кәсіпкерлер үшін бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Яғни, кепілдікке ауылдық жердегі мүлік алынады, бастапқы старт-ап жобалар қарастырылады. Тиімді өтеу кестесі жасалынады. ...

Толығырақ »

ӨҢІРІМІЗДІҢ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңіріміздің ардагер ұстаздары мен білім саласының мамандарын төл мерекелерімен құттықтап, марапаттады. «Ұстаздар кәсіби мерекесі – бүкіл халықтық мереке. Әлемдегі әр адамға білім беріп, мамандық таңдаумен қатар өмір жолына бағыт беретін – Ұстаз. Ендеше, төл мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті ұстаздар! Елбасымыз атап өткендей, қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережесінің біріншісі – ұлттық код пен ұлттық мәдениеттің ...

Толығырақ »

ЖАРТЫ ҒАСЫРДАН АСТАМ ТАРИХЫ БАР МЕКТЕП

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жарты ғасырдан астам тарихы бар, үш тілде оқытатын мамандандырылған Шымкент қаласындағы №12 мектеп-интернатында болды. Онда әкім кеңес дәуірінің Социалистік еңбек ері, мектептің алғашқы директоры Маржан Тасованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, білім ордасының мұражайымен, балалардың жасаған қолөнер бұйымдарын және кітапхана жұмысымен танысты. Сонымен қатар, аймақ басшысы ардагер ұстаздармен кездесіп, қазан айының бірінші жексенбісі өткен «Мұғалімдер ...

Толығырақ »

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ

2017 жылғы 29 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институты мен ОҚО ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің конференция залында «Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың жарқын болашағы» тақырыбында эксперттік талқылау өтті. Эксперттік талқылауға Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының эксперттері, облыстың зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, тіл мамандары қатысты. Эксперттік талқылауда ...

Толығырақ »

Артық ғылым – кітапта

Хакім Абай: «Артық ғылым кі­тапта, ерінбей оқып көруге» дейді. «Жақсы кітап – ақылды адамның әңгімесімен бірдей» депті Толстой. Құндылықтың кілті – кітапта. Әлі­шер Науаидың «Кітап – ақылына алтын сұрамайтын алтын қазына» деген тәмсілін біздің кейіпкеріміз де берік ұстанады. Оның дәлелі – ауыл кітапханасы. Өркен Есейұлы ауыл тұрғындарын көркем әдебиет­ке тарту мақсатында өз қаража­тынан қаржы бөліп, кітапхана тұрғызды. Ол кітапханаға 3800 ...

Толығырақ »

Туған жерге туыңды тік

Спортты сүймейтін бала жоқ. Кішкентайынан асық ойнап, доп тепкен ауылдың қара домалақтары­ның ең үлкен арманы – спорт кешенінде жаттығу. Іскер азамат ауылдағы ағайынның арманын далада қалдырмай, олардың спорт­пен шұғылдануына ерекше жағдай жасап берді. Оның дәлелі – Есей Баймаханұлы атындағы спорт кешені. Ұзақ жылдар бойы пайда­ланылмай, қаңырап қалған ғима­ратты жекеменшіктен сатып алып, өз қаржысы есебінен қыруар қаржы құйып, зәулім спорт са­райына ...

Толығырақ »

Ізгіліктің бастауы – отбасы

«Әке – асқар тау, Ана – баурайындағы бұлақ» деген тамаша тәмсіл бар. Әрбір отбасы – шағын мемлекет. Әке мен ана сол шағын мемлекеттің құру­шысы, иесі, қорғаны. Баланың да жақсы болуы – ата мен анаға бай­ланысты. «Атаға қарап ұл өсетіні, ана қарап қыз өсетіні» белгілі. Өркен Есейұлының да әкесінің ерекше жан болғанын ауылдағы ағайын жиі айтып отырады. «Есей ақсақал өте мейірімді, ...

Толығырақ »

АУЫЛДАН БАСТАҒАН…

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады» деген еді. Расында да, әр адамның «шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені» бар. Ол қасиетті ...

Толығырақ »

ОҢТҮСТІКТІҢ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыстық «Жастар ресурстық орталығында» Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жастар арасында кеңінен насихаттап, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен жауапкершілікті, жаңашылдықты сіңдіру мақсатында «Қазақстан КВН Одағының» Президенті Есен Елеукенмен жастардың кездесуі өтті. Кездесуге өңіріміздің 14 аудан, қалаларынан 100-ден астам қатысып, көкейдегі ұсыныс-пікірлерін білдірді. «Қазақстан КВН Одағының» Президенті Есен Елеукен: Ұлттық құндылықтарды келесі ұрпаққа жеткізу үшін біз өзіміздің ұлттық кодымызды ...

Толығырақ »

«АУЫЛДАҒЫ БІР КҮНІМ»

Отырар ауданындағы «Алаш» этноауылында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Салт—дәстүр ұлттық рухтың негізі» тақырыбы аясында облыс жастарының «Ауылдағы бір күнім» реалити байқауы өтті. Сайдың тасындай іріктеліп, 5 командаға бөлінген жастар ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғырту, жастардың бойындағы шығармашалық қабілеттері мен өнерге деген құштарлығын арттыру мақсатында өзара сынға түсті. Сайыста ер жігіттер мал сойып, ...

Толығырақ »

«Рухани жаңғыру» аясында

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі», – деп атап өткен болатын. Осы орайда, Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Дос Демеу» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Арыс қаласында «Алаш» қозғалысына 100 жыл толуына орай А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, М.Әуезов, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин шығармаларын оқып-білу, оларды ...

Толығырақ »

ТУЫС ЕКІ ЕЛ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

Оңтүстік Қазақстан облысынан Өзбекстанға жол тартқан «Достық керуені» жобасына қатысушылар бүгін елге оралды. Құрамына зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, этно-мәдени бірлестіктердің төрағалары мен БАҚ өкілдері енген керуенді Өзбекстандағы Қазақ ұлттық мәдени орталығының басшылығы күтіп алып, көршілес елдің тарихи-мәдени орындарымен таныстырды. Бауырлас елдер арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған сапар аясында қазақстандықтар алдымен  Ташкенттегі Төле баба кесенесіне зиярат етті. Самарқандағы әйгілі ...

Толығырақ »

ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Алтын жас – Золотой возраст» атты мерекелік шараға қатысты. Онда өңір басшысы қазыналы қарияларды мерекемен құттықтап, бірқатар ардагерлерді марапаттады. Орталық саябақта денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен өткен іс-шарада облыстың білікті дәрігерлері қарт кісілерді тегін диагностикалық тексеруден өткізіп, кеңестерін берді. Ардагерлерді сауықтыру ісіне де ерекше мән беріліп келетінін ...

Толығырақ »

ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында кешенді медициналық ақпараттық жүйе қолданысқа енгізілуде. Бұл жүйені іске асыру үшін 8582 компьютерлік техника сатып алынып, жыл соңына дейін облыстың барлық медициналық ұйымдары компьютермен 100 пайыз жабдықталатын болады. Яғни, мамандар медициналық ұйымдардан науқас туралы электронды ақпарат алмасу үшін бірыңғай сервер арқылы байланысады. Ол ақпарат автоматты түрде жергілікті атқарушы органдардағы ситуациялық орталыққа түсіп отыратын болады. Бұл туралы облыстық ...

Толығырақ »

«ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ»

Оңтүстік Қазақстан облысынан Өзбекстан Республикасына жол тартқан «Достық керуені» жобасына қатысушылар бүгін Ташкентке жетті. Құрамына зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен БАҚ өкілдері енген керуенді Өзбекстан Республикасындағы Қазақ ұлттық мәдени орталығының басшылығы күтіп алды. Делегацияны бастап барған Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов іс-шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын қолдау әрі бауырлас ...

Толығырақ »

ҚАЛА КҮНІ МЕРЕКЕСІ

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентте қала күні мерекесін атап өту басталып кетті. Іс-шара алдымен оқушылардың шеруімен басталды. Әл Фараби алаңында өткен ерекше шеруді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдіраxымов және елағалары мен шаһар тұрғындары тамашалады. Алаңға жинаған өнер мектебінің шәкірттері, музыка және хореография ұжымдары мен жас спортшылар мерекелік шерумен жүріп өтті. 1500-ден астам оқушы қатысып, сап түзеген ...

Толығырақ »

ОҢТҮСТІКТІҢ ДАМУЫ

Өңір басшысы облыста «Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың» мемлекеттік бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін 158 кооператив ашылғанын хабарлады. Ауыл шаруашылығы саласына бағытталған инвестиция көлемі 21,8 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,5 есеге артқан. Аймақ басшысы осы саладағы ілкімді істердің бірі — биыл Шымкент механикалық зауытының базасында модульдік сүт қабылдау бекеттерін жинау өндірісі басталғанын айтты. Бүгінгі таңда 15 модульдік сүт қабылдау ...

Толығырақ »