Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі облыстық жобалық кеңсенің «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының іс-шара жоспарына сәйкес, Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен колледж студенттер арасында алғаш рет Шымкент қаласы, №2 колледжде 26 қазан күні ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы қолөнер байқауы өткізілді. Байқауға білім басқармасына қарасты 25 колледждің жас қолөнер шеберлері қатысты.
Мақсаты: Өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтарымызды сақтап, қастерлеуге тәрбиелеу, білім алушылардың бойындағы бар қасиетті шыңдау, мамандықты дұрыс таңдай білуге бағыттау. Жас қолөнер шеберлеріне ұмыт болып бара жатқан қолөнер бұйымдарын (теріден, сазбалшықтан, ағаштан, металдан т.с.с. жасалған) үйрете отырып, ұлттық кодтың негізінде қоғамдық сананы жаңғырту.
Көрме-байқаудың қорытындысында арнайы бекітілген әділқазылар алқасының шешімімен келесі бағыттар бойынша үздіктер анықталып, білім басқармасы басшысының арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды. Атап айтқанда І орын алған колледждер:
1) тоқыма дайындаудан – Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжі,
2) ағашты, сүйекті көркемдеп өңдеуден – Ә.Қастеев атындағы Оңтүстік Қазақстан өнер және дизайн колледжі,
3) шыныны көркемдеп өңдеуден – М.Өтебаев атындағы Жоғарғы жаңа технологиялар колледжі,
4) металды көркемдеп өңдеуден – №2 колледж,
5) саздан (қыштан) шағын формадағы мүсіндерді жасаудан – №18 колледж,
6) ұлттық ою-өрнегі бар киімдердің үлгісін жасаудан – №5 колледж
7) қағаздан бұйымдар жасаудан – Кентау көпсалалы колледжі
Сондай-ақ, ІІ орын, ІІІ орын және әр бағыт бойынша номинация иелері анықталды. Байқау алдағы уақытта дәстүрлі түрде өтеді және қатысушылардың сандық көрсеткіш үлесі артып отырады деп жоспарлануда.
Кендірбаев Сейілхан Сайыпназарұлы,
Облыстық жобалық кеңсенің менеджері