Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент (страница 128)

Шымкент

ШЫМКЕНТ: ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҚТЫ

Шымкентте инновациялық жобалар жобалар байқауының қорытындысы шықты. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Кәсіпкерлік индустриалды-инновациялық даму басқармасының бизнесті мемлекеттік қолдау бөлімінің басшысы Үсен Исаев мәлім етті. – Шымкентте «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейінгі гранттар беру бойынша жобалар байқауы өтті. Аталған конкурсқа құжаттар 5–19 сәуір аралығында «Заңғар» бизнес орталығында ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ИНВАТАКСИ ТЕГІН

Бүгінде Шымкент қаласында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан қаладағы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта қалыптастыруда тиісті шаралар атқарылып жатыр. қалада мүгедектігі бар азаматтардың белсенді өмір сүру салтын қалыптастыру мақсатында инватакси ұйымдастырылған. Шымкент қаласында мүгедектерге арналған такси қызметі пайда болғанына биыл 10 жыл. Жоба «Қалалық мүгедектер қоғамы» бірлестігінің бастамасымен жүзеге асқан. Инватакси қызметін жыл басынан бері 500-ден астам ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде болып, №1 Студенттер үйімен және ондағы үйірме орталығының жұмысымен танысты. Орталықта 11 үйірме университет студенттері үшін жұмыс жасайды. Үйірме студенттері жасаған бұйымдар орталықтағы арнайы көрме залына қойылған. 2015 жылы ашылған 12 қабаттық №1 Студенттер үйі барлық жағдай жасалған. Әр бөлмеде екі студенттен тұрады, санитарлық тораппен, арнайы жиһазбен, тоңазытқышпен қамтамасыз етілген. ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ЕЛІМІЗДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМІ АРТҚАН ЕКІ АЙМАҚТЫҢ БІРІ

Бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев экономиканың 7 көрсеткіші бойынша екі өңір ғана өсім көрсеткенін айтты. Оның айтуынша, экономиканың 7 көрсеткіші бойынша оң өсім Шымкент қаласы және Маңғыстау облысында байқалып отыр. Ал, 6 көрсеткіш бойынша бес өңірде өсім тіркелген екен. Олар: Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстары. Министр сауда және көлік бойынша жағдай жақсарып келе жатқанын, ...

Толығырақ »

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫ КӨРМЕСІ ӨТТІ

Шымкент қалалық «Шапағат» арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ұйымдастыруымен мүгедектігі бар азаматтардың қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті. Іс-шарада 1 ай көлемінде жасаған жұмыстарын көрсетті. Орталықта белсенділік танытып жүрген он шақты қызмет алушының өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарына мекеменің еңбек нұсқаушылары – Динара Сағынтай, Айдана Жораева, Мақсат Сәрсембаев өз бағаларын берді. Бірінші топтағы мүгедек, 55 жасар Гүлжан Үсіпбекова тоқыма өнерінің еркін меңгергенін ...

Толығырақ »

ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНА ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ?

Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов еңбек қатынастарының жағдайы және еңбек заңнамасына енгізілген өзгертулер туралы баяндады. Басқарма басшысының айтуынша, жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалардан 369 өтініш түскен. Өтініштерді қарау барысында 59 тексеру жүргізіліп, 64 заң бұзушылық анықталған. Заң бұзушылықтардың негізінде 37 нұсқама берілді. – Еңбек қатынастары саласында тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында қала кәсіпорындарына талдау жүргізілді. ...

Толығырақ »

ТАУАР САПАСЫ – ТАБЫС КЕПІЛІ

Макарон өнімдерін шығаратын «БАРЫС 2007» ЖШС-і 2007 жылы құрылды. 2009 жылы кәсіпорынды іске қосу іс-шарасына Елбасы Н.Назарбаевтың өзі қатысқан болатын. Жобаның ұйымдастырушысы, ауылшаруашылығы саласында және астық өңдеу саласында, диірмен және макарон өндірісін құруда үлкен тәжірибесі бар кәсіпкер – Мұқан Наимбеков. Кәсіпорын Шымкент қаласы Тассай шағынауданында 3,25 га өндірістік алаң сатып алды. 2008 жылы компания төртінші (соңғы) буынды компьютерлендіру деңгейімен жабдықталған, ...

Толығырақ »

ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАМАҚ

Шымкент қаласының спортшылары – ағайынды Сергей және Тимофей Емельянов жазғы Олимпиада Ойындарына жолдама жеңіп алды. Олар байдаркада мен каноэде есуден ел намысын қорғамақ. Ағалы-інілі Емельяновтардың бұл спорт түрін таңдауы кездейсоқтық емес. Олардың алғашқы ұстаздары – әкесі мен анасы еді. Себебі әкесі КСРО-ның каноэден спорт шебері, анасы байдаркадан спорт шебері болған. Ал бүгінде оларды ағалары Михаил Емельянов жаттықтарып жатыр. 2004 жылы ...

Толығырақ »

БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 600-ДЕН АСТАМ ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Шымкент қаласында азаматтарды жұмыспен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының үшінші бағыты – жастар практикасы азаматтардың жұмыс табуына септігін тигізуде. Жастар практиикасы түлектердің меңгерген мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында ұйымдастырылған. Биыл қалалық жұмыспен қамту орталығы тарапынан 2500 жасты аталған бағдарлама аясында жұмыспен қамту жоспарланған. Жастар практикасы бойынша тәжірибе жинақтап жүрген түлектерге жалақы төленеді. ...

Толығырақ »

СКРИНИНГ ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТЫҢ ӘДІСПЕН ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Шымкент қаласындағы онкологиялық орталықта қатерлі ісік ауруын ерте сатысында анықтау мақсатында скрининг тексерулері сапалы әрі тың әдіспен жүргізілуде. Жатырдағы ісікті ерте анықтау үшін орталықтағы цито-гистологиялық зертханада жан-жақты тексеріліп, науқастан алынған сынамаға толық талдау жасалады. Цито-гистологиялық зертханадағы сынамаларды дайындау жұмыстары бірнеше кезеңнен тұрады. Ең алдымен скринингке келген әйелдер емханадағы тексеру кабинетінен өтіп, жатыр мойнынан жағынды алынады. Оны медицина мамандары арнайы контейнерге ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ 149 МЫҢНАН АСА ТҰРҒЫН ВАКЦИНАЛАНДЫ

Шымкент қаласында өткен тәулікте КВИ-дің 75 жағдайы тіркелді (белгілері бар — 50, белгілері жоқ — 25). 30 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 45 адам үй бақылауына алынды. Мамандандырылған инфекциялық стационарларда 1 406 орын бар (қалалық инфекциялық орталық — 490, «Атамекен» клиникасы — 450, Орынбай ГБОО — 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30, оңалту орталығы — ...

Толығырақ »

ЖҮРЕГІНЕ ОТА ЖАСАЛҒАН АРДАГЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Шымкент жүрек орталығының хирургтары 96 жастағы науқасқа күрделі кардиохирургиялық операция жасады. Отадан кейін денсаулығы жақсарған қарт кісіні қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Позилов Бақытжан мерекесімен құттықтап, ауруханаға арнайы барды, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі. Жүрегіне операция жасалған майдангер Атажанов Қадыр — Ұлы Отан соғысының ардагері. Сұрапыл соғысқа 1942 жылдың соңында 17 жасында өз еркімен ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: 105 ЖАСТАҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының қорғаныс істері департаменті мен шаһардағы әскери бөлімдердің сарбаздары Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, қарт майдангерлерге құрмет көрсетті. Атап айтқанда, департамент басшысы полковник Алмаз Тілеуханов 105 жастағы соғыс ардагері Негмат Гареевтің шаңырағына барып, оған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы Алғыс хатын салтанатты жағдайда табыстады. — Сіздер майданда дұшпанмен жан аямай шайқасып, ерлік пен отаншылдықтың керемет ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ҚАРТ МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр — Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов Ұлы Отан соғысының ардагерлері Шаля Анна мен Атантаев Халел ақсақалдың шаңырақтарына бас сұғып, мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ Әл-Фараби ауданы әкімдігі де құттықтау тілектерін арнады. Іс-шара барысында ардагерлерге сый-сыяпат көрсетіліп, сол дәуірдің әскери формасын киген театр ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІ АРДАГЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 9 мамыр – Жеңіс мерекесіне орай шаһардағы қарт майдангерлерді құттықтап, сый-сыяпат жасады. Бүгінде Шымкент қаласында 21 Ұлы отан соғысының ардагері тұрады. Қала әкімі Еңбекші ауданы «Бадам 1» елді мекенінің тұрғыны, Ұлы отан соғысының ардагері Қалтай Бектасовтың шаңырағына барды. 97 жастағы қарт жауынгер әлі де тың. Мұрат Дүйсенбекұлы ардагерге сый-құрмет көрсетіп, ұзақ ғұмыр тіледі. Қалтай Бектасов ...

Толығырақ »

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласының инвестиция жөніндегі штабтың кезекті отырысы өтті. Бұл жолы ауыл шаруашылығы саласында 2021-2025 жылдар аралығында іске асырылатын жобалар, жаңа инвестициялар тарту және инвестициялық жобалардың өзекті мәселелері талқыланды. Бүгінгі штаб отырысына ҚР Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Бекзаназаров пен Айгүл Қапбарова, сондай-ақ, басқарма басшылары, инвесторлар қатысты. Қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбековтің мәлімдеуінше, ауыл шаруашылығы саласында 2021-2025 жылдары 71 инвест ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ОРТА МЕКТЕПКЕ САБЫР РАХЫМОВТЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

Үшінші мегаполистегі №53 мектеп енді генерал Сабыр Рахымовтың есімімен аталады. Салтанатты іс-шара 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында өтті. «Ұмытылмас ерлік» атты іс-шараны Шымкент қалалық білім басқармасы ұйымдастырды. Барлық санитарлық талаптар сақталып өткен мерекелік жиынға Абай ауданы әкімдігі аппаратының басшысы Димаш Дәуренбеков, Абай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұлықпан Бәшенов, Қарулы күштер ардагерлері ұйымының төрағасы Серікбай Омбаев, Шымкент қалалық білім ...

Толығырақ »

НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАНДАНДЫРУ ҚАЖЕТ

Шымкент қаласының эпидемиялық ахуал жөніндегі кезекті штаб отырысындағы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың айтуынша, әлемде эпидемиологиялық жағдай өте күрделі. Штаб отырысына ҚР Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Бекзаназаров пен Айгүл Қапбарова, сондай-ақ, басқарма басшыларыда қатысты. Соңғы тәуліктерде Өзбекстан, Бразилия, Германия елдерінде коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші ұлғайған. Шымкент қаласы эпидемиологиялық жағдай бойынша қазіргі кезде «сары аймақта». Жыл басынан бері КВИ-дің ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК ПОРТАЛ АРҚЫЛЫ 500 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҢАЛТУ ҚҰРАЛЫ ЖЕТКІЗІЛДІ

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдар техникалық оңалту құралдарының 55 түріне және түрлі қызметтерге онлайн тапсырыс бере алады. Портал мүмкіндігі шектеулі азаматтарға үйінен шықпай ЭЦҚ көмегімен көптеген мүмкіндік ұсынып отыр. Оңалту құралдары 14 күнде және тегін жеткізіледі. Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері қалада мүгедектігі бар 2510 адамға нақты 488 445 оңалту құралы ...

Толығырақ »

АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БЕКЕТТЕР ОРНАТЫЛАДЫ

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ахмет Татыбаев және «А.Асқаров» атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК-ның директоры Ғани Қарабековтің қатысуымен брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде Ахмет Өтегенұлы басқарма тарапынан осы жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар бойынша мәлімдеді. – Басқармаға 2021 жылдың үш айында қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін 169 өтінім қабылданып, оның 140-ы бойынша рұқсат берілді. ...

Толығырақ »

ТИІМДІ ЖОБА

Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтарға қолдау көрсетуге зор мүмкіндік береді. Жаңа жобаның негізгі басым бағытының бірі – аз қамтылған азаматтарға көмек беру және жұмыспен қамту. Шымкентте қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мамандарының ұйымдастыруымен әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту туралы заң жобасы бойынша дөңгелек үстел өтті. Жиынға қаладағы бірқатар кәсіпкерлер қатысты. – Әлеуметтік кәсіпкерліктің ерекшелігі – бұл қызметтің ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ИГІ БАСТАМА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Шымкентте игі бастама қолға алынды. Қала аумағында ата-анасының мақтанышына айналған, Шымкент қаласынан әскерге шақырылған үздік сарбаздардың бейнесі билбордтарға ілінуде. Ондағы мақсат – Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген азаматтардың ісін жастарға үлгі ету. Игі бастамаға Шымкент қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті ұйытқы болған. Айта кетейік, 7 мамыр ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: «АУЫЗАШАР СЕБЕТІ» ҮЛЕСТІРІЛДІ

Шымкентте қасиетті Рамазан айындағы қайырымды істер жалғасуда. Үшінші мегаполисте ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан ораза ұстаған тұрғындарға «Ауызашар себеті» үлестірілді. Игі іс-шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имамдар Мұхамеджан Естеміров пен Мұсабек Ақтамберді, аудандық мешіт имамдары мен ерікті топ мүшелері қатысты. Дәстүрлі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов қайырымдылық шарасының мән-маңызына тоқталып өтті. ...

Толығырақ »

ДӘРІГЕРЛЕР ЖАСӨСПІРІМДІ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

Шымкент қаласындағы балалар клиникалық ауруханасында дәрігерлер алғаш рет инсульт алған 14 жастағы қыз баласына ашық ота жасап, ажалдан арашалап қалды. Операция жасалған жеткіншектің бас ми қан тамырлары жарылып, салдарынан миына қан құйылған. 2021 жылы 23 сәуір күні қалалық клиникалық балалар ауруханасына жедел жәрдем қызметімен 14 жастағы қыз баласы жеткізілген. Дәрігерлер компьютерлік томография жасап, қан тамырларының жарылуына байланысты миға қан құйылғанын ...

Толығырақ »

АРЫЗ — ШАҒЫМДАРДЫ ТЫҢДАУ – БАСТЫ МІНДЕТІМ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды онлайн режимде қабылдап, тұрғындардың баспана, әлеуметтік, инфрақұрылым және т.б., мәселелерін тыңдады. Шаһар басшысы мәселелердің шешімін табу жолында жұмыс атқарылатынын айтты. Онлайн қабылдауда Самал-3 шағынауданының тұрғыны Теңге Аришова баспана мәселесін көтерді. Алайда тұрғынның мұраға қалу шарты негізінде Самал-3 шағынауданы №498 тұрғын үйі тіркелгені анықталып отыр. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу үшін, азаматтың отбасы мүшелерінің ...

Толығырақ »