Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан (страница 8)

Түркістан

ИРРИГАЦИЯЛЫҚ КАНАЛДАР САЛЫНУДА

Түркістан қаласында микроклиматты өзгерту мақсатында ирригациялық каналдар салынуда, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Қаланың микроклиматын өзгерту және қала ішін суландыру жүйелерін жүргізу үшін ирригациялық каналдар салу жоспарланған болатын. Осы мақсатта, қаладағы Қазыбек би көшесі мен Бекзат Саттарханов даңғылы аралығындағы елу көшенің (47,1 шақырым) ішкі орам суларын қамтамасыз ету үшін (лоток салу) құрылыс жұмыстары басталды. ...

Толығырақ »

КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ТӨРАҒАЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Даулеталиннің қатысуымен кеңес өтті. Жиында Шымкент қаласы және Түркістан облысы кәсіподақ ұйымдарының жаңа басшылары ұжымға таныстырылды. «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы болып Әлтеев Бауыржан Ілімшеұлы тағайындалды. Бауыржан Әлтеев 1955 жылы 9 қыркүйек күні Онтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылында дүниеге ...

Толығырақ »

2020 ЖЫЛЫ 126 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ

Түркістан қаласының қауіпсіз болуына шаhардың түнгі уақытында жарық болуы, әрі жолдардың сапалы да тегіс болуы әсер ететіндігі белгілі. Осы тұрғыда 2020 жылы қаламызды жарықтандыру мен автокөлік жолдарын күрделі жөндеуден өткізу бағытында бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды. Мәселен қала ішінде 7,8 шақырымға күрделі жөндеу жүргізіліп, 181 шақырымды құрайтын 126 көше жарықтандырылды. Мұнымен қоса, орташа жөндеу жұмыстары (асфальт төсеу) 106,1 шақырымға, яғни 81 ...

Толығырақ »

БІРЕГЕЙ НЫСАН — ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ

Кез келген мемлекеттің келелі келешегі — ұрпағының білімі мен бойына сіңірген рухани болмысына байланысты. Осы мақсатта, облыс орталығында құрылысы аяқталған бірегей нысанның бірі — Оқушылар сарайы. «Самұрық-Қазына ұлттық әл ауқат қорының» қолдауымен қабырғасы қаланған ғимарат — 12 мың шаршы метр аумақты құрайды. Заман талабына сай жабдықталған білім ордасында жас жеткіншектердің шығармашылық қабілетін дамытуға барлық мүмкіндіктер жасалған. Оқытушылар құрамы Нұр-Сұлтан мен ...

Толығырақ »

РУХАНИ ҚАЛАҒА САПАРЛАП КЕЛУШІЛЕР САНЫ КӨП

Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы бері сәулеті көз тартар қалаға айналуда. Рухани қаланы тамашалауға еліміз ғана емес, алыс — жақын шет елдік қонақтардың да қызығатыны сөзсіз. 2020 жылғы соңғы көрсеткіш бойынша шаһарға сапарлап келушілер саны — 869 242 туристке жетіп, туризм саласынан қалаға 5399,8 млн теңге табыс түскен. Сондай қала әлеуетіне табыс әкеліп жатқан туристтерге қызмет көрсету саласы да дамуда. ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІ СЕНБІЛІККЕ ШАҚЫРДЫ

Түркістан қаласында келер аптадан бастап наурыз айына дейін әр сенбі жалпықалалық сенбілік өтеді. Бұл туралы Рашид Аюпов (@the_rashid_ayupov) «Instagram” желісінде тікелей эфир кезінде мәлім етіп, жастар, кәсіпкерлер және барлық ерікті жандарды қала тазалығына жұмыла атсалысуға шақырды. Сондай-ақ, келер аптадан бастап алдын ала кезекке жазылған азаматтарды жеке мәселесі бойынша әр мөлтек аудандардағы мектептерде карантин режимін сақтай отырып қабылдайтынын да жеткізді. Бұл ...

Толығырақ »

ЕСІМХАН ДАҢҒЫЛЫ ПАЙДА БОЛАДЫ

Түркістан қаласында Шәмші Қалдаяқов пен Есімхан даңғылы пайда болады, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Қала әкімінің орынбасары М. Базарқұлов, қалалық мәслихаттың хатшысы М. Таңғатаров және сессия төрағасы Ғ. Сәрсенбаевтың төрағалығымен Түркістан қалалық мәлихатының кезектен тыс екінші сессиясы өтті. Сессияға әкімдіктің дербес бөлім басшылары мен Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары қатысты. Басқосуда күн тәртібінде тұрған мәселелер ...

Толығырақ »

ЕРІКТІ ТҮРДЕ ЕКПЕ ЕГІЛУДЕ

Түркістан қаласында коронавирусқа қарсы «SPUTNIK V» екпесімен ерікті түрде вакцинациялау жұмыстары бастау алды. «Отырар» ықшамауданындағы Түркістан қалалық емханасында алғаш болып медицина қызметкерлері екпе салдыруда. Жалпы, шаhар бойынша 1404 ақ халатты абзал жан болса, олардың бүгін, яғни, бір тәулік ішінде 50-ін, ал бір аптада 250 қызметкерді вакцинациялау жоспарланған. Аталған жұмыстар азаматтардың ерікті түрде рұқсатымен салынады. Қазіргі таңда 10 адамға екпе егілді. ...

Толығырақ »

ПОЛИЦИЯ БАСШЫСЫ ОНЛАЙН ЕСЕП БЕРДІ

Бүгін Түркістан қаласы Полиция басқармасының басшысы Бауыржан Селтанов 2020 жыл қорытындысы бойынша онлайн есеп берді. Есеп беру Түркістан қаласы әкімдігі ғимаратында Әкімдіктің аппарат басшысы Жәнібек Наушабайұлының қатысуымен өтті. Карантиндік сақтық шараларына байланысты есеп беру барысында қала тұрғындары басқарма басшысына көкейкесті сұрақтарын онлайн жолдады. Айта кетерлігі, есеп беру бойынша хабарлама ертеректе департамент парақшасында жарияланған болатын. Әр түрлі бағытта қойылған сұрақтардың өз ...

Толығырақ »

ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ҰЗАРТЫЛАДЫ

Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №2 Қаулысына сәйкес, қала аумағында карантин және шектеу шаралары ұзартылады. Атап айтқанда, адамдардың көп жиналуына байланысты кез келген жиындарды, сондай-ақ, отбасылық, естелік ic-шараларды өткізуге (еске алу, туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу, кудалық той, беташар және басқа); Азық-түлік гипермаркеттері, супермаркеттер, шағын маркеттер, үй жанындағы дүкендер қызметі сағат 09.00-23.00-ге дейін; Алып кету және жеткізіп беру режиміндегі ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА КӨРМЕ АШЫЛДЫ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» көрмесі ашылды. ⠀ Қорық-музей директоры Нұрболат Ахметжанов еліміздің басты құндылығы болып табылатын Тәуелсіздіктің 30 жылында жеткен жетістіктері мен тарихына тоқталып, көрменің мақсаты жөнінде әңгімеледі. ⠀ -“Ата-бабамыз ақ жол салған Азаттық байрағын қолда берік ұстау бүгінгі ұрпақтың басты парызы. Әрбір ұрпақты – Отанын жүрегімен сүйіп, елді ...

Толығырақ »

ҚҰРЫЛЫСТЫ ШИРАТУДЫ ТАПСЫРДЫ

Түркістан қаласында биыл бірнеше жаңа саябақ пайдалануға беріледі. Олардың қатарында Б.Саттарханов даңғылындағы «Желілік саябақ» пен «Орталық саябақ» бар. Сонымен қатар қаладағы Яссауи көшесінің бойы да толық көгалдандырып, желілік саябаққа айналмақ. «Әзірет Сұлтан қорық мұражайының аумағын абаттандыру да аяқталуға жақын. Шаһардағы құрылыс алаңдарын аралаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді. Құрылысты ширатуды тапсырды. Түркістан қаласында 30-ға жуық ...

Толығырақ »

КЕЛЕСТІК ОҚУШЫЛАР БАҚ СЫНАУДА

Келес ауданында «Түркістан: Көне мен келешек көпірі» атты өнер фестивалі өтті. Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан шара талантты жастардың өнерін шыңдап, үлкен сахнаға жол ашпақ. Фестиваль көрерменсіз өтуде. Санитарлық-эпидемиологиялық мекемелер рұқсатымен барлық талаптарды қатаң сақталған. Өнер бәйгесінің іріктеу кезеңінде келестік жас дарындар өнерлерін ортаға салды. Өнерлі өрендерді анықтаған сайыста саз мектебінің «Кәусар бұлақ» тобы халық күйі «Секіртпе» күйін орындап, ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысында жекпе-жек спорт түрлері бойынша командалық жарыстың топтық кезеңдегі жеңімпаздары белгілі болды. Əр аймаққа бөлінген спортшылар бокс, еркін күрес жəне дзюдо, қазақ күресінен бақ сынады. Еркін күрес шеберлері аймақ бойынша төрт топқа бөлініп, мықтыларды анықтады. Атап айтсақ, «А» группасынан Арыс қаласының балуандары жеке дара топ бастады. Боз кілемде өз мықтылықтарын көрсетіп, қарсылас шыдатпаған «В» тобынан Сайрам ауданының балуандары жеңімпаз ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫНДАР «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫН ҚОЛДАЙДЫ

«Nur Otan» партиясынан Сайрам аудандық мәслихатына үміткер Сәуле Бишеқызы Рамазанова мен Бобуржон Акмалжанұлы Хасантаев Қарабұлақ және Арыс ауылдық округтерінің тұрғын үйлерін аралап «Есіктен есікке» акциясы аясында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Үміткерлер жергілікті тұрғындарды 2021 жылдың 10-қаңтарына белгіленген ҚР Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауына белсенді қатысып, онда еліміздегі жетекші партия — «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды. Республика, Түркістан облысы, Сайрам ...

Толығырақ »

ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ

Киелі өлке Түркістан қазіргі таңда өсіп-өркендеуде олай деуімізге басты себеп Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі тікелей бақылауына алуы. Осының арқасында 2018 жылдың 19 маусымында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы деп кайта құру туралы жарлық шығарды. «Құрметті Қазақстандықдар, бүгін мен Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылыс туралы заңының 9 бабына сәйкес Шымкент ...

Толығырақ »

ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ

Қазыналы оңтүстіктің  кие қонған жерлері жетерлік, өңірде әлемге белгілі Қожа Ахмет Яссауи, Арыстанбаб кесенелері  Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан  Сауран, Түркістан, Отырар, Шымкент, Сайрам тағы да басқа да елеулі жәдігерлеріміз орналасқан. Түркістанда түмен баб, Сайрамда бар сансыз баб, Отырарда отыз баб, Бабтардың бабы Арыстан баб  деген тіркес оңтүстіктің әулиелі, киелі орындар мекені екендігін айғақтайтындай. Соның ішінде іріктеліп, таңдалып, талғанып барлығы ...

Толығырақ »

ТАУДАЙ ТАЛАП ТАНЫТҚАН ТҮЛКІБАС ТАҢҒАЛДЫРУЫН ТОҚТАТПАДЫ

Қызанақтан басталған сапарымыз қызыл алмадан бірақ шықты. Арасында көптеген кәсіпкердің қып-қызыл еңбегін көріп, тәнті болдық. Мәселен, 2013 жылдан бері қарқынды бау өсірумен айналысып келе жатқан Шақпақ ауыл округіндегі «Кентау» серіктестігінде 200-ге жуық адам жұмыс істейді екен. Олар алманың Голден Делишес пен Рояль Гала секілді сорттарын өсіреді. Тағы бір түлкібастық кәсіпкер – Азаттық ауылының тұрғыны Икрамов Аброржан 505 мың теңге мемлекеттік ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ҚАЛДАЯҚОВ МУЗЕЙІ АШЫЛДЫ

Түркістан облысының Отырар ауданында туып-өсіп, «қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовқа туған жерінде музей ашылды. Аталған шара Ұлы композитордың 90 жылдық мерейтойына арналды. Қазақ руханияты үшін елеулі мерекеге облыс басшысы арнайы келіп, музеймен танысты. «Бүгін айтулы мереке. Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толып отыр. Алайда, осы облысқа келгелі Шәмшінің кіндік қаны тамған жерде Шәмшіге арналған музейдің жоқ екенін білдім. Тіпті ...

Толығырақ »

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: ТҮРКІСТАН БИЫЛ ТОЛЫҒЫМЕН ГАЗБЕН ЖЫЛЫТУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШЕДІ

«Түркістан қаласындағы барлық жылыту қазандықтары газбен жылыту жүйесіне көшеді. Аталған жұмыстар биылғы жылыту маусымына дейін аяқталуы тиіс. Орталық жылу қазандықтарын қатты отыннан табиғи газға ауыстыру арқылы қаламыздың басты мәселесіне айналып отырған экологиялық проблеманы шешуге мүмкіндік туады», — деді облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласын аралау барысында. Облыс басшысы қаладағы мәдени-рухани орталық аумағын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Мұнда инженерлік инфрақұрылым құрылысы, яғни, ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: НАУҚАСТАР САНЫ 90 ПАЙЫЗҒА АЗАЙҒАН

Шардара аудандық орталық ауруханасында науқастарға арналған орталық бүгінде бос тұр. Яғни, ауыр індет пен пневмония дертіне шалдыққан науқастар емделіп шыққан. Орталықта инфекциялық 10, привозорлық 20 науқасқа арналған төсек-орын бар. Бүгінде науқастардың 90 пайызы емделіп шыққан. Денсаулық жағдайы тұрақталған соңғы 8 науқас терапия бөліміне ауыстырылып, дәрігерлердің қатаң бақылауымен емделуде. Барлық науқастарға тиісті ем шаралары қолданылып, үйге шыққан жандар да ақ халаттылардың назарынан ...

Толығырақ »

ӨЗБЕКСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ТҮРКІСТАНҒА ТАРТУЫ

Былтыр іргетасы қаланған еңселі мешіт – көрші Өзбекстан мемлекетінің Түркістанға тартуы. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев қалаға кіреберісте бой көтерген әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған мешіт құрылысының басында болды. Сәулеті ерекше Ислам орталығының ішкі және сыртқы безендірілуі шығыстық нақышта жүргізілмек. Бірегей жобаға Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қолдау көрсетіп отыр. Түркі әлемінің рухани темірқазығы, қасиетті Түркістан қаласында салынып жатқан ауқымы 5 мың ...

Толығырақ »