Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » МАНДАТ — МАҚСАТ ЕМЕС, МІНДЕТ!

МАНДАТ — МАҚСАТ ЕМЕС, МІНДЕТ!

Дәл осылай ұғынатын “Халық қалаулыларын” кездестірсек, қуанып қаламыз. Таныс болыңыздар — сондай депутаттардың бірі — Сауран аудандық мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Арман Шалданбаев.
Ең жақсы қасиеттердің бірі — сөзінен іс көп. Ел ортасында беделді, абырой асқақ азамат.
“Қайырымдылық шарасы” істерінің жанынан жиі табылып жатқанын да көз көреді.
Возможно, это изображение (1 человек, стоит и костюм)
Жастығында бойдағы күш-қуатын еліме пайдамды тигізсем деп жұмсап жүргені — қуантарлық, һәм құптарлық іс!
Бәрінен биік қою — әбестік, бірақ үлгі боларлық-ақ жан…
Бұл сөзімді көзі көрген қолдайтынына да шүбәм жоқ.
Возможно, это изображение (2 человека, люди сидят, люди стоят и в помещении)
Негізі, өз басым қиыншылық дәмін татып өскен жандардың биікке шыққанын көрсем жаным жылиды. Ондай жандар лауазым арасындағы алшақтық пен биіктікті көре алатыны әлбетте болары сөзсіз.
Арман аға-бауырымыз да алтынға апталып, күміске қапталып өспегендіктен ащы мен тұщыны, ақ пен қараны, жақсы мен жаманды ажырата алады. Бір сөзбен айтқанда қазіргі ахуалды сезіп, ел ортасында жүре алары сөзсіз.
“Мандат — мақсат емес, міндет” екенін түсіне де, ұғына да алатын санаулы депутаттардың бірі. Сауран ауданы гүлденуі мен көркеюі жолында аянбай еңбек қылып, бар күш-жігерін жұмсайтынына мен өз басым сенемін!

Пікір жазу