Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ОТБАСЫЛЫҚ ЖАРЫСҚА ҚАТЫСТЫ

ОТБАСЫЛЫҚ ЖАРЫСҚА ҚАТЫСТЫ

«Елбасы Медалі» жобасының қатысушылары «Отбасы күніне» арналған спорттық отбасылық  эстафета жарысына қатысты.

12 қыркүйек “Отбасы күні” мерекесіне орай “Елбасы академиясы” қоғамдық бірлестігі мен “Қазақстан жастар конгресінің” бастамасымен ата- аналар мен жасөспірімдер арасында тығыз қарым – қатынасқа болуға шақыру, отбасылық құндылықтарды сақтау, сонымен қатар қатысушыларды салауатты  өмір салтына бейімдеу және  дене шынықтыру сабағына  қызығушылығын арттыру, шапшаң қимылдауды, жарыса жүгіруді дамыту мақсатында спорттық отбасылық эстафета ұйымдастырылды.

Эстафетаға жалпы 50-ден астам ата-аналар мен жоба қатысушылары, «Jas Otan» ЖҚ волонтерлары, жоба тәлімгерлері мен арнайы спорт жаттықтырушылары қатысып белсенділік танытты.

Келген қатысушылардан Ақорда, Альфа, Барыс, Флай форевер, Юниорс, Оқжетпес және Қыран командалары жасақталды. Спорттық ойындардан доппен жүгіру;
допты аяқпен қысып жүгіру; допты бастарымен ұстау арқылы жүгіру; ракеткадағы шар; арқан тартысу; эстафета  таяғымен жүгіру жарысы өтті.

Жеңіске жеткен командаларды марапаттауға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының «Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау» мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы Шунгараева Гүлайым және “Шымкент дарыны” орталығы басшысының орынбасары Сұлтан Шымбайұлы келіп, арнайы кубоктар мен алғыс хаттар табыстады.

«Елбасы медалі» жобасының Шымкент қаласы бойынша менеджері Жұлдыз Намаздың айтуынша: «Біздің күнделікті өмірде балалар мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайту мақсатында бүгінгі іс-шараға қатысушылардың ата-аналарын, отбасы мүшелерін жұмылдырдық. Жылына бір рет өтетін мерекені дәл осылай бірге көңілді, пайдалы етіп өткізу қатысушылар үшін жақсы көңіл күй сыйлап, балаларына деген мейірімділігі арта түседі. Бұл іс-шаралар әлі де өз жалғасын табады. Қала жастарын біздің жобаға қатысуға, бізбен бірге болуға шақырамыз»

Пікір жазу