Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары (страница 98)

ОҚО жаңалықтары

ЖЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Мақтаарал ауданында жер реформасын жергілікті тұрғындарға түсіндіру, ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік үшін қолданылып жатқан жерлерді тиімді пайдалану мақсатында арнайы семинар-кеңес өтті. Жиынға Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Садыр, Мақтаарал ауданының әкімі Ғ.Исмаилов, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Әбдіқұлов және ауыл әкімдері, бөлім басшылары қатысты. Шараның негізгі мақсаты — жер мәселесіне қатысты салада атқарылып жатқан жұмыстарды талдау. Облыстағы жер ...

Толығырақ »

ЖАУШЫҚҰМДЫҚ ЖАСТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ КӨП

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданындағы Жаушықұм ауылының жастары үшін жұмыссыз қарап жату деген жат тірлік. Әсіресе, диқаншылықты жанына жақын тұтқан жас жігіттер қыс аяқталысымен-ақ егістік алқапқа шығып, қарекетке кіріседі.  Биыл ауылдағы 15 белсенді жас өзара бірлесіп, егіс бригадасын құрды.  Сөйтті де теңіз жағасындағы бос жатқан жерді жыртып, жамылғы астына қарбыз екті. Нұрсұлтан Есенбеков бастаған белсенді жастар бригадасы кешегі аптада алғашқы ...

Толығырақ »

«KAZAKH INVEST» ӨКІЛДІГІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Биылғы жылдың маусым айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысында елге шетелдік инвестициялар тарту және осы бағыттағы жұмысты ұйымдастыру мақсатында “KAZAKH INVEST” Ұлттық компаниясы” АҚ өңірлік өкілдігі жұмыс істей бастады. Өңірлік өкілдік Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан шетелдік компаниялардың басшыларымен, сондай-ақ аймақта өндірісін бастауға ниетті әлеуетті инвесторларға қажетті қолдау көрсету мақсатында бірқатар кездесулер өткізді. Қазіргі таңда бірқатар шетел компанияларымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. ...

Толығырақ »

АСТАНАҒА – ЭКСПОҒА!

Астана қаласында  22-23 шілде күндері «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне арналған  Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі. Осыған орай бүгін ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген жүк көліктері Астана қаласына жолға шықты.  Бұл оңтүстік шаруларының ЭКСПО  аясындағы 4-ші жәрмеңкесі. Оңтүстік диқандары бұл жолы қала қонақтары мен тұрғындарына құны 171  млн. теңге болатын 420 тонна  өнім  жеткізбек. ЭКСПО көрмесінде отандық өнімдеріміз ...

Толығырақ »

ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

«ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы 8 жылдан бері облыс тұрғындарына жеңілдетілген несие беру арқылы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп келеді.  Бүгінге дейін компания 48,8 млрд. теңгені құрайтын 16 240 жобаны қаржыландырған. Нәтижесінде облысымыздағы 16 мыңнан аса кәсіпкер өзінің бизнесін ашып, ілгерілетуге компаниядан қаржылай қолдау тапқан. Жүзеге асырылған жобалар аясында 40 907 жаңа жұмыс орындары ашылған. Ал, «ОҢТҮСТІК» АИО еншілес «Ырыс» микроқаржы ұйымымен бірлесе ...

Толығырақ »

СОЗАҚТА ЖҮР ДЕПУТАТ…

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Байділда Жылқышиев жұмыс сапарымен Созақ ауданында болды. Сапар барысында мәжіліс депутаты ауданның индустриалдық аймағында орналасқан «UKO-S-Star» металл құрастыру зауыты» ЖШС жұмысымен танысты. Қазіргі таңда уран өндірісі мен кәсіпорындарға арналған металл бөшкелерін дайындайтын зауыт жылына 50000 дана металл бөшке шығарады. Бүгінде зауытта 35 адам жұмыс істейді. Халық қалаулысы пластик құбырларын шығарумен ...

Толығырақ »

ТҮРКИЯДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДА

Оңтүстіктің бір топ журналистері Түркия елінде іс-сапарда жүр. Ондағы мақсат – бауырлас мемлекеттің БАҚ құралдарының тыныс-тіршілігімен танысып, тәжірибе алмасу. Делегаттарды алдымен Қазақстан Республикасының Түркиядағы бас консулы Еркебұлан Сәпиев қабылдап, журналистер сапарына сәттілік тіледі.  Бүгінгі елшілерге тапсырылған жұмыстың бірі – Қазақстанға  инвестиция тарту екені белгілі. Бас консул Е.Сапиев бұл тұрғыда түрік инвесторлардың негізінен Оңтүстік Қазақстан облысына ерекше қызығып баратындығын тілге тиек ...

Толығырақ »

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

Мақтаарал ауданының тұрғындарын сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында Өзбекстан Республикасының электр желілері пайдаланыла бастады. Нақтырақ айтсақ, Мақтаарал ауданы Қазақстанның солтүстігінен тасымалданатын электр жарығын Өзбекстан электр желілерін пайдалану арқылы қабылдауға мүмкіндік алып отыр. Бұл   келісімге Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ағымдағы жылдың 23 ақпанында Ташкентте өткен үкіметаралық комиссиясы отырысының қорытындысында қол жеткізген болатын. Нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының тұрғындары  мен ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАС – ТУРИЗМ ТӨРІ

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында биылғы жылы туризм саласын дамыту мақсатында 3 жоба қолға алынды. Оның алғашқысы – Түлкібас ауданы  Керейт ауылындағы жалпы құны 1 млрд. 200 млн. теңгелік отбасылық демалыс кешені болатын. Таяуда ғана пайдалануға берілген кешеннің  бір мезетте 1000 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар. Ал, екінші жоба – тау бөктерінде орналасқан емдеу-сауықтыру орталығы. Жақын арада ел игілігіне берілетін кешеннің ...

Толығырақ »

ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласындағы Қажымұхан атындағы орталық стадионы жарықтың болмауына байланысты футбол матчтарын өткізу құқығынан айырылған болатын. Осының салдарынан «Ордабасы» командасы Еуролига ойындарын Алматы қаласында өткізуге мәжбүр болды. Еліміздегі үшінші ірі стадионның жарық қондырғылары 50-жылдан бері алмастырылмаған екен. Енді ЕУРО талаптарына сай заманауи электр қондырғыларымен жабдықтау жұмыстары басталды. Көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан жарық мәселесі жергілікті командалардың өз алаңындағы ойындарын ...

Толығырақ »

ОҚО ЖУРНАЛИСТЕРІ ТҮРКИЯ ЕЛІНДЕ

Оңтүстіктің бір топ журналистері Түркия елінде іс-сапарда жүр. Ондағы мақсат – бауырлас мемлекеттің БАҚ құралдарының тыныс-тіршілігімен танысып, тәжірибе алмасу. Делегаттарды алдымен Қазақстан Республикасының Түркиядағы бас консулы Еркебұлан Сәпиев қабылдап,  журналистер сапарына сәттілік тіледі.  Бүгінгі елшілерге тапсырылған жұмыстың бірі – Қазақстанға  инвестиция тарту екені белгілі.  Бас консул Е.Сапиев бұл тұрғыда түрік инвесторлардың негізінен Оңтүстік Қазақстан облысына ерекше қызығып баратындығын тілге тиек ...

Толығырақ »

ОҚО ХАЛҚЫНЫҢ САНЫ АРТТЫ

2017 жылғы 1-маусымға Оңтүстік Қазақстан облысы  халқының саны 2 894 816 адам, соның ішінде қалалық жерде 1 317 031, ауылдық жерде 1 577 785 адамды құрады. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда халық саны 1 пайызға немесе 28 448 адамға артып отыр. Бүгін бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облыстық Статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков  мәлім етті. «Республика ...

Толығырақ »

ПӘТЕР ИЕЛЕРІНІҢ КООПЕРАТИВТЕРІ

Алдағы күзде Шымкент қаласы мегаполиске айналмақ. Осы орайда шаһардың даму жоспары мен  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына аса мән беріліп отыр. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасымен қала орталығының инвестициялық тартымдылығын арттыру және тұрғындар мен қонақтарға қолайлы өмір сүруге жағдай жасау, санитарлық ахуалын жақсарту басты назарға алынған болатын. Аталған тапсырмалардың орындалу барысы облыс әкімдігінде өткен жиында тағы бір пысықталып, тиісті ...

Толығырақ »

ЭКСПО КӨРМЕСІНЕ АТТАНДЫ

Оңтүстікқазақстандық 500 оқушы Елорда төрінде өтіп жатқан ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесін тамашалауға Шымкент қаласынан Астанаға жолға шықты. Балаларды Шымкент қаласындағы әкімшілік іскерлік орталығы алаңынан өңір басшысының орынбасары Бауыржан Жамалов пен ата-аналары, ұстаздары мен достары ақ жол тілеп шығарып салды. Демеушілердің қолдауымен қолға алынған игі іс аясында балалар көрмені аралап, бас қаланың көрікті жерлерін тамашаламақ. «ЭКСПО – 2017 көрмесі сіздерге ...

Толығырақ »

ҰНАСЫМДЫ ҰЛАСБЕК

Жасырары жоқ, шенеунік десе шекелері шибарқыттана тыры­са­тындар жетіп-артыла­ды. «Шенеунік» деген сөз­ді айтқан адам­ның да, айналасында тың­дап тұрғандардың да миықтарын мысқыл түрткілей жөнелетіні рас. Демек, ой-санада, қоғамдық пікірдің ерсілі-қарсылы ағыстарында шенеунік атаулыға терістеу көзқарас, жа­ғым­сыздау психология қалыптасқан. Қалыптасқанда, ол кешелі-бүгін ғана емес, бұрыннан-ақ солай. Ал енді мұның себебі неде деген заңды сұрақ туындайды. Әрине, шенеунік деген ұғымның өзі біздің сахарамызға, сайын ...

Толығырақ »

ЧТО СЛУЧИЛОСЬ С МЕЛЬДЕХАНОВЫМ?

Да, что с ним  стряслось? Не знаю, как вы, но я не узнал в нем «последователя и единомышленника Н.А.Назарбаева», коим он себя усиленно называл в нескольких своих публикациях 2013 года под общим названием «Credo» на страницах изданий «Әділет» и «Уақыт». Мы считали его чересчур уж правильным, доверили руководство городским филиалом партии «Нұр Отан». Более того, избрали его не только депутатом областного ...

Толығырақ »

ЖАҢА ШАҒЫН АУДАН БОЙ КӨТЕРІП КЕЛЕДІ

Оңтүстік Қазақстан облысында  Түркістан қаласын дамыту мақсатында соңғы жылдары кешенді жобалар қолға алынып келеді. Соның ішінде өңірдегі өзекті мәселелерді шешу мақсатында 30 мыңнан астам тұрғын үй мен жер теліміне деген азаматтардың сұранысын қанағаттандыру үшін қаланың шығыс бөлігінен «Отырар» ықшам ауданы бой көтеруде.  Қазіргі таңда мұнда 8 үйдің құрылысы жүргізілуде. Осы жұмыстардың барысымен танысқан Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев көп ұзамай мұнда ...

Толығырақ »

ТРАНСФОРМАТОР ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Asia Trafo» ЖШС-і қуаттылығы 110-120 кВт болатын жоғары кернеулі трансформатор шығаруды қолға алғалы отыр. 2016 жылдан бастап салына бастаған нысанды іске қосу жұмыстары 2018 жылдың екінші тоқсанына жоспарланған. «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан құрылыс жобасының барысымен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы танысып,  атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. «Алдағы жылы зауыт іске қосылса, 220 адамды жұмыспен ...

Толығырақ »

4,7 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ 7 НЫСАН САЛЫНАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында алдағы уақытта мемлекеттік-жекешілік әріптестігі аясында жалпы құны 4,7 млрд. теңгені құрайтын 7 нысан бой көтеретін болады. Қазірдің өзінде 2  балабақша мен 500 орындық емхананың құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Бұдан бөлек, 11 жобаға конкурс жарияланыпты. Бүгін бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиында облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәлім етті. Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы ...

Толығырақ »

ТАУ БАУРАЙЫНДА БАС ҚОСТЫ

Бәйдібек ауданы, Алмалы ауыл округі, «Болашақ» лагеріне облысымыздағы түрлі ұлт өкілдері жастарының қатысуымен, айтыскер ақындарды, қолөнер шеберлері мен талантты жастарды қолдауға және оларды ынталандыруға бағытталған «Оңтүстік өнерлі өрендері» атты облыстық жастар лагері ұйымдастырылды. Лагерь бағдарламасының аясында 15 аудан-қалалардан келген өнерлі жастар қолөнер және сурет салу, айтыскер ақындар мен жазба ақындар және дәстүрлі ән бағыттары бойынша топтық семинарларға қатысып, сала бойынша ...

Толығырақ »

«AZALA COTTON» ТОҚЫМА ИІРУ-ШИРАТУ ФАБРИКАСЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Еліміздегі тоқыма өндірісіндегі көшбасшылардың бірі — «OxyTextile» ЖШС-і  жұмыс аясын кеңейтті.  Бұл мақсатта «Azala Cotton» мен «OxyTextile» ЖШС-і  барлық мүліктік кешенін біріктіріп,  «Azala Cotton» ЖШС болып қайта құрылып отыр. Айта кетейік,  «Azala Cotton» ЖШС фабриканың қызметін қайта жандандыру бойынша 2017 жылдың наурыз айында инфрақұрылым, құрал жабдықтар және өндірістік циклді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген болатын. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ...

Толығырақ »

95 ТҮЛЕККЕ ЖОО-ҒА ТЕГІН ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ

Оңтүстік Қазақстан облысында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп бітіруші 95 түлекке жоғары оқу орындарында тегін білім алу үшін жолдама берілді. Мектеп шәкірттерінің үлкен өмірге қадам басқалы отырған қуаныштарымен бөліскен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев оқушыларға сәттілік тілеп, игі бастамаға қолдау көрсеткен жоғары оқу орындарының басшыларын алғыс хатымен марапаттады. «Соңғы жылдары  қалыптасқан игі дәстүр бойынша  облыстағы  жоғары оқу орындары  сіздерге қол ...

Толығырақ »

ПРОКУРАТУРА ЗАҢДЫ ҚОРҒАП ШЫҚТЫ

Өзін де, әкім әкесін де, қызмет атқарып жүрген қадағалаушы органды да ұятқа қалдырған Нұржан Полатов облыс прокуроры Ибраһим Имановтың бұйрығымен қызметінен кетті. Бұл жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары үшін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында облыс прокурорының орынбасары Жанболат Туғанбаев мәлім етті. Мамыр айының басында мас күйінде рөлге отырған лауазым иесін бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткені үшін жергілікті полиция қызметкерлері тоқтатып, үстінен әкімшілік хаттама толтырған ...

Толығырақ »

ЖАҢА СУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам ауданында «Манкент» шағын су электр станциясы іске қосылды. Халықты тұрақты әрі сапалы электр энергиясымен қамтитын су электр станциясының ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен «Ақсу-Энерго» ЖШС-нің директоры Анарбек Орман қатысты. «Ақсу Энерго» ЖШС-нің бұл жобасы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қолдау тапқан. Бұл станция жылына 2,5 МВт  электр қуатын өндіруге қауқарлы. Жоба құны 283 ...

Толығырақ »