Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ТҮЛКІБАС – ТУРИЗМ ТӨРІ

ТҮЛКІБАС – ТУРИЗМ ТӨРІ

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында биылғы жылы туризм саласын дамыту мақсатында 3 жоба қолға алынды. Оның алғашқысы – Түлкібас ауданы  Керейт ауылындағы жалпы құны 1 млрд. 200 млн. теңгелік отбасылық демалыс кешені болатын. Таяуда ғана пайдалануға берілген кешеннің  бір мезетте 1000 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар.

Ал, екінші жоба – тау бөктерінде орналасқан емдеу-сауықтыру орталығы. Жақын арада ел игілігіне берілетін кешеннің жалпы құны 696 млн. теңгені құрайды. Үшінші кешен – жолаушыларға арналған сервистік қызмет көрсету орталығы.

Жыл басынан бері ауданға 5137 турист келіп, өңірдің әсем табиғатымен танысып, саяхаттаған. Оның 318-і – шетел азаматы болса, қалған 4822-сі   еліміздің өзге аймақтарынан келген қонақтар.

Жалпы туристер арқылы ауданға 63 млн. теңге қаржы түскен. Бүгінгі таңда ауданда туристерге қызмет көрсететін екі қонақ үй, екі шипажай мен төрт қонақ қабылдау үйі, сегіз маусымдық балаларға арналған сауықтыру лагерлері туристерге сапалы қызмет көрсетуде.

Өз тілшімізден

Пікір жазу