Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Фото Илияса Жолдаса.Фото Илияса Жолдаса.Фото Илияса Жолдаса.

Шымкент қаласындағы Қажымұхан атындағы орталық стадионы жарықтың болмауына байланысты футбол матчтарын өткізу құқығынан айырылған болатын. Осының салдарынан «Ордабасы» командасы Еуролига ойындарын Алматы қаласында өткізуге мәжбүр болды. Еліміздегі үшінші ірі стадионның жарық қондырғылары 50-жылдан бері алмастырылмаған екен. Енді ЕУРО талаптарына сай заманауи электр қондырғыларымен жабдықтау жұмыстары басталды.
Көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан жарық мәселесі жергілікті командалардың өз алаңындағы ойындарын өткізуге аса көп кедергі жасады. Қазақстанның футбол лигасы орталық стадионда ойындар өткізуге тиым салған соң «Ордабасы» өз кездесулерін амалсыз жарығы жоқ БИІК алаңқайында өткізуге мәжбүр болды. Бұл жанкүйерлердің жүйкесіне тиіп ызасын келтірді. Стадионның жарықтандыруы үшін өткен жылы арнайы тендер ұйымдастырылған болатын. Алайда жеңімпаз компаниямен тапсырыс берушілер арасында келіспеушілік туындап,екі арадаға дау сот арқылы біраз уақытқа созылды. Енді міне соттың шешімімен мемлекеттік бюджеттен бөлінген 204 млн 460 теңге қаржыны игеру үшін «Спектр энерго» компаниясы монтаж жұмыстарын қызу бастап кетті.
Бүгін жаңалықтың жаршысы болып жүретін жергілікті бұқаралық ақпарал құралдарының өкілдері монтаж жұмыстарының басталғанына куәгер болысты. БАҚ өкілдерімен болған кездесу барысында Қажымұхан атындағы орталық стадион директоры Құралбай Өкшебаев:
«50 жыл бойы жөндеу көрмеген электр жұмыстары УЕФА талаптарына сай басталды. Ол үшін бір мезетте бес түрлі жарық бере алатын арнайы прожекторлар алынды.Айталық футбол матчтарына арналған жарық сәулесі ,жаттығуға және бүкілхалықтық шараларға арналған арналған жарықтандырулар болады. Жеңімпаз атанған компания прожекторлармен қатар электр желілерінде толық ауыстырады.Осында төрт қондырғы мұнара бар. Соның біріншісін біткеннен кейін монтаж жұмыстары қанша уақытқа созылатыны толықтай белгілі болады», – деп атап өтті.
Биыл Шымкент қаласындағы ерекше архитектуралық нысандарының бірі болып табылатын Қажымұхан атындағы орталық стадионға 50 жыл толады. Бұл бастама торқалы тойға деген ерекше тарту болып тұр. Футбол мыңдаған жанкүйердің жанына жақын ойын. Облысымызда «Ордабасы» командасының жалынды жанкүйерлері көптеп саналады. Осы кездесулерді тамашалау үшін облысымыздың барлық аудандарынан жанкүйерлер орталық стадионға келеді. Бұл жерде футбол ойындарынан басқа республикалық дәрежеді ауқымды іс-шаралар,концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Сондай мерекелердің орталығына айналған стадионда енді кешкі уақытта да самаладай жарқыраған жарықтың арқасында арнайы шаралар өткізу мүмкіндігі туды. Үшінші қаланың стадионы да үшінші деген атауына ие болатын болды.

Ілияс Жолдас

Пікір жазу