Түркістан облысы Келес ауданында биыл 24 200 гектарға ауылшаруашылығы дақылдары егілді. (Оның ішінде ерте пісетін 4 357 гектар көкөніс, 1 400 гектар жоңышқа, 1 932 гектар картоп дақылдары бар). Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 684 гектарға ұлғайып отыр. Жалпы ауданда 1300-ге жуық техника көктемгі дала жұмыстарына қатысуда. Бұл шаруаларға 1040 тонна жанармай қажеттілігі анықталып, сұраныс толығымен қанағаттандырылған. Оның 233 тонна ...
Толығырақ »Қазақстан жаңалықтары
ТАЗА АУЫЗ СУ ТАРТЫЛДЫ
Түркістан облысы Сайрам ауданы Құтарыс ауыл округіне қарасты Қызылжар елдімекенінде орталықтандырылған ауыз су құбырының құрылыс жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде 148 отбасы таза ауыз суға қол жеткізіп отыр. Бұған дейін құдық суын пайдаланып келген ауылдағы құрылыс жұмыстары өткен жылдың шілде айында басталып, биылғы сәуір айында аяқталған. Құрылысқа жауапты мердігер мекеме- «СИН» ЖШС-гі. Орталықтандырылған ауыз су жүйесіне бастапқыда 130 абонентті қосу жоспарланғанымен, қазір нақты ...
Толығырақ »БИЫЛ ЕГІС КӨЛЕМІ 800 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСАДЫ
Түркістан облысында биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 825,4 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Оның айтуынша, өңірде егістікті әртараптандыруға сәйкес, көкөніс-бақша дақылдарының егіс көлемі — 122 мың га, мал азықтық дақылдар — 213 мың га, майлы дақылдар көлемі — ...
Толығырақ »4 ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Ауру жұқтырған азаматтар 1964 ж., 1984 ж., 1985 ж., 1991 жылғы Шымкент қаласының тұрғындары. Науқастар 17-сәуір күні коронавирус инфекциясы анықталған 1966 жылғы адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ...
Толығырақ »НОУТБУКТАР ТАРТУ ЕТІЛДІ
Шымкенттік медицина қызметкерлерінің балаларына ноутбуктар тарту етілді. Қашықтан оқу жүйесіне көшкен дәрігерлердің балаларына сыйлықтарды «ASAA» жастар қоғамдық бірлестігінің еріктілері жеткізіп берді. Қайырымдылық шара коронавирус инфекциясы пандемиясына қарсы күресте аянбай еңбек етіп жүрген медициналық қызметкерлері мен олардың балаларын қолдауға бағытталған. Шараға Әлеуметтік даму қоры мен Назарбаев Университеті демеушілік жасады. Аталған қор Ұлттық волонтерлер желісімен бірлесіп, үйінде компьютері жоқ медициналық қызметкерлердің балаларына көмек ...
Толығырақ »400 АДАМ ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күннен-күнге артуда. Жазылғандар саны да қуантып келеді. Дәл қазіргі мәлімет бойынша 400 адам жазылып шықты: Нұр-Сұлтан қаласы – 177 Алматы қаласы – 84 Шымкент қаласы – 11 Ақмола облысы – 17 Ақтөбе облысы – 7 Алматы облысы – 8 Атырау облысы – 21 Жамбыл облысы – 6 Батыс Қазақстан облысы – 2 Қарағанды облысы – 12 ...
Толығырақ »ЖЫЛЫЖАЙҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛМЕК
Алдағы бірер жылда Шымкент маңайында жылыжай шаруашылығы дамиды. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің жергілікті шаруалармен жүздесуінде айтылды. Жабық жылыжай кешендердің көлемін арттыру мақсатында «Оңтүстік» көліктік логистикалық аймағынан 136 гектар жер қарастырылыпты. Оның 100 гектары өнеркәсіптік кешен болады. Қалғанын инфрақұрылым қамтиды. Жоба жүзеге асса мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылып, жұрт жыл он екі ай көкөніспен қамтылатын болады, дейді қалалық ауыл ...
Толығырақ »ЖАНАРМАЙ ҚҰНЫ ТӨМЕНДЕДІ
Президент тапсырмасына сәйкес, Шымкентте көктемгі дала жұмыстарына қажетті жанар-жағармай құны 174 теңгеден 160 теңге төмендетілді. Барлық агроқұрылымдар дизель отынын уақтылы алып жатыр. Тапшылық жоқ. Қала әкімі Мұрат Әйтеновпен жүздескен шаруалар осылай, деді. Шымкентте ауылшаруашылығы өндіріспен қатар дамып келеді. Жалпы қала аумағында 62 мың гектардан астам жер бар. Биыл егіс алқабын өткен жылмен салыстырғанда 1 мың гектарға ұлғайтып, 27,6 мың гектарға ...
Толығырақ »КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлім етті. Мақсұт Пернебайұлының айтуынша, коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу және эпидемиологиялық жағдайдың асқынуының алдын алу мақсатында Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 18 сәуірдегі №11 «Карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысы шықты. Бұл Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік комиссияның 17.04.2020 ...
Толығырақ »УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛАДЫ
Бұл туралы Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қоғамдық көлік бөлімінің басшысы Наурыз Сүгірәлиев мәлімдеді. — Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін, тұрғындардың өмірін және денсаулығын қорғау мақсатында, 2020 жылғы 18 сәуірдегі Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің №11 Қаулысына сәйкес, 2020 жылы 19 сәуірден 1 мамырға дейін қалалық қоғамдық көліктің жұмысы уақытша тоқтатылады, — деді Н. Сүгірәлиев. ...
Толығырақ »БЕТПЕРДЕЛЕР ТАРАТЫЛДЫ
Шымкент қаласына коронавирусқа байланысты «Birgemiz» қоғамдық қорынан келген 1 миллион бетперде халықтың әлсіз топтарына кіретін отбасыларға тегін таратылуда. Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы өкілдері Әл-Фараби ауданындағы Сәуле, Қошқарата, Текесу елді мекендері және Терешкова көшесін аралап, аз қамтылған отбасыларға тегін медициналық бетперделер таратты. Сонымен қатар, Еңбекші ауданындағы Көксай 2, Көксай 3, Жастар 1, Жастар 2 тұрғын алаптары мен Теміржол ...
Толығырақ »Қ-Ж.ТОҚАЕВҚА РАҚМЕТ!
Бізді сын сағатта қолдаған Қ.Тоқаевқа рақмет! Дүниежүзін әбігерге салған ауыр індетке байланысты ел аумағында төтенше жағдай жаряланды. Қаншама компаниядар мен өндіріс орындары жұмысын доғарды. Мемлекеттер шекарасын жауып, барыс-келіс, қозғалыс тоқтатылды. Қазақстан да қауіпсіздікті бірінші орынға қойып, кешенді шараларды қолға алды. Карантин енгізіліп, дәрігерлер мен полицейлер, әскерилер күшейтілген жұмыс режиміне ауысты. Ел Үкіметі мен жергілікті әкімдік барлық іс-шараларды жүйелі үйлестіріп, тұрғындардың ...
Толығырақ »ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖАСАЛУДА
«Бала күтіміне байланысты демалыста жүргендерді бөлек санатқа бөлмейміз. Олар да барлық азаматтар сияқты әлеуметтік төлемге өтініш бере алады». Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтқан болатын. Елдегі орын алып жатқан бүгінгі жағдайға байланысты бала күтіміндегі аналар да 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемге өтініш білдіруде. Соның бірі шымкенттік — Ақбота Сағындықова. — Мен бала күтімімен ...
Толығырақ »МЕРЕЙІМІЗДІ ТАСЫТТЫ
Коронавирус індетіне байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдайға орай табысынан айырылған тұрғынның бірі -.Ержан Сәрсенбайұлы. Шымкент қаласының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы көрсетілген көмек үшін алғысын білдірді. — Мен Шымкент қаласының тұрғынымын. Еліміздегі төтенше жағдайға орай табысымнан айырылып қалдым. Осындай қиын сәтте әр тұрғынның жағдайын ойлаған Мемлекет басшысының саясатына риза болдым. Өзім сауда орындарының бірінде жұмыс істейтінмін. 42 500 теңгеге өтініш бердім. ...
Толығырақ »ЖАҒДАЙЫМЫЗДЫ ЖАҚСАРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН
— Пандемияға байланысты елімізе болып жатқан жағдай кезінде мемлекетіміздің көмекке мұқтаж жандарды назардан қалдырмай, қол ұшын беріп жатқанына алғыс айтқым келеді. Бала күтімімен демалыста отырмын. Үш баланың анасымын. Күйеуім өзін-өзі жұмыспен қамтып, отбасын асырап жүрген азамат. Төтенше жағдай кезіндегі әлеуметтік төлем — 42 500 теңге төлем шотыма түсті. Қазіргі кезде жұмыс орындары уақытша тоқтап, қалада карантин жарияланған кезде бұл қаражаттың ...
Толығырақ »ТІГІНШІ АЛҒЫС АЙТТЫ
Шымкентте табысынан айырылып, кәсібін тоқтатқандарға мемлекет тарапынан ең төменгі мөлшерде қолдау көрсетілуде. Тігіншілікпен жеке кәсібін дөңгелетіп келген қала тұрғыны Айгүл Акимова да әлеуметтік қолдауға ие болды. Он саусағынан өнер тамған ісмердің шағын шеберханасы елдегі төтенше жағдайға байланысты жұмысын тоқтатқан болатын. Бұған дейін «Бизнес-бастау» жобасына қатысып, қаржылық көмектің нәтижесінде тігін шеберханасын ашқан жерлесіміз үкімет тағайындаған әлеуметтік көмекті зор ықыласпен қабыл алғанын ...
Толығырақ »БҮГІНГІНІҢ БАТЫРЫ
Биылғы ақпанда Шымкент қалалық №11 емханаға 4-санатты фельдшер болып қабылданған Нұрдәулет Тұрғанбек бүгінде Шымкент қаласының сыртында орналасқан Еңбекші блок-бекетінде індеттің алдын алу бағытында тынымсыз жұмыс істеп жүрген медицина мамандарының бірі. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың короновирус індетіне байланысты ел аумағында 16 наурыздан төтенше жағдай режимін енгізуі Нұрдәулеттің жұмысына деген жауапкершілігін екі есе арттырды. 21 жасар жас маман әлемді жайлаған мына вирусты ауыздықтаудың ...
Толығырақ »11 ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Ауру жұқтырған азаматтар 1956 ж., 2004 ж., 1978 ж., 1981 ж., 1977 ж., 1992 ж., 1967 ж., 1946 ж., 1969 ж., 1968 ж., 1979 ж., Шымкент қаласының тұрғындары. Олар коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Ауру жұқтырған 11 азамат екі отбасының мүшелері. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы ...
Толығырақ »ҚАЛА ӘКІМІ БАЯНДАДЫ
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімімен телефон арқылы сөйлесті. Талқылаудың негізгі тақырыбы – коронавируспен күрес, қазіргі санитарлық-эпидемиологялық жағдай және аймақтардағы карантиндік шаралардың орындалуы жайы айтылды. Мемлекет басшысының азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету, шағын және орта бизнестің кезең-кезеңмен іске қосу, көктемгі дала жұмыстары мен жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру туралы тапсырмаларының орындалуы сөз болды. Аталған мәселе бойынша Шымкент қаласының ...
Толығырақ »ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: ЖАҢА ҚҰРЫЛЫСТАР — НАЗАРДА
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығындағы бірқатар әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысын бақылады. Құрылыс алаңдарындағы жұмысты көзбен көріп, әр нысанның сапалы, әрі тиісті архитектуралық талапқа сай салынуы қажеттігін қадап айтты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Барлық құрылыс басында коронавурис індетіне қарсы сақтық шаралары ұйымдастырылып, құрылыс жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілуде. Барлық ...
Толығырақ »ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістанның тарихи-мәдени орталығын қайта жаңғыртуға байланысты «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің даму жоспары бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысын пысықтап, жауаптыларға тиісті нұсқаулар берді. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты «Хан мешіті», «Хан ордасы» және Күлтөбе қалашығы мен «Жеті ата», «Дарбаза», «Мүсәлла», «Тәкия» қақпаларын аралады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. ...
Толығырақ »БІРЕГЕЙ ШЫҒЫС ПРОМЕНАДЫ БОЙ КӨТЕРЕДІ
Сәні мен салтанаты келіскен шығыс променады, яғни, серуен алқабы ұлттық ерекшелік пен заманауи мәдениеттің көркем келбетін ұштастырады. Келушілер мен демалушыларға қолайлы болу үшін ландшафтық сәулет, фонтандар, ашық айвандар және басқа да нысандар орналасады. Кәдесыйлар сататын дүңгіршектер салынады. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Әзірет Сұлтан» кешенін дамыту бойынша жоспарға сәйкес жасалып жатқан жұмыстарды бақылап қайтты. Жаңа жобаға бірқатар өзгертулер енгізіп, қала ...
Толығырақ »ӨЛІМІ АУЫР ТИГЕН ӘКІМДЕР
Бұл азаматтар мәңгі ел есінде қалды – жайлы-жайсаң мінездерімен, іскерліктерімен, елге деген сүйіспеншіліктерімен, асқан абыройларымен. Олар елді сүйді, ел оларды сүйді. Сондықтан өмірден өткен бірқатар абзалдарымызды еске алып қойсақ деген ниеттеміз. Жатқан жерлері жайлы, топырақтары торқа болсын!.. 1. Жақсылық АРЗЫМБЕТОВ Төлеби ауданының 1947 жылғы тумасы, 1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған ел ағасы Сарыағаш ауданының әкімі қызметінде ...
Толығырақ »1591 БОЛДЫ…
Бүгін азанда коронавирус індетін жұқтырудың жаңадан 45 оқиғасы тіркелді. Қазақстан бойынша барлығы 1591 жағдай анықталды: Нұр-Сұлтан қаласы – 350, Алматы қаласы – 504, Шымкент қаласы – 57, Ақмола облысы – 81, Ақтөбе облысы – 25, Алматы облысы – 37, Атырау облысы – 76, Шығыс Қазақстан облысы – 8, Жамбыл облысы – 58, Батыс Қазақстан облысы – 39, Қарағанды облысы – ...
Толығырақ »САБЫР САҚТАП, ПАРАСАТТЫЛЫҚ ТАНЫТАЙЫҚ!
«Ажал айла таптырмас» дейді дана халқымыз. Ажалға қимас асыл азаматтан айырылдық, ағайындар. Білікті басшы, парасатты азамат, Түркістан үшін жан аямай еңбектенген, халқымызға қалтықсыз қызмет жасаған әріптесіміз Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаевтың мезгілсіз қазасы қабырғамызды қайыстырып отыр. Әліпбек Өсербаев Қазақ химия-технологиялық институтын бітірген соң еңбек жолын Қарағандыда қарапайым машинист болып бастаған. Жиырма жылдай құрылыс саласының қиын да күрделі жұмыстарына жегілді. Кейіннен Кентау мен ...
Толығырақ »