Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » 9 НАУҚАС ІНДЕТТЕН АЙЫҚТЫ

9 НАУҚАС ІНДЕТТЕН АЙЫҚТЫ

Нет описания фото.

Түркістан облысында коронавирус инфекциясынан жазылғандардың қатары артуда. 30 сәуірдегі ақпарат бойынша Түркістан облысында 9 азамат коронавирус инфекциясынан жазылған. Облыста бүгінге дейін инфекциядан жазылғандар саны — 38. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Түркістан облысы, Арыс қаласының 1995 жылғы тұрғыны 12 сәуір күні КВИ, расталған жағдай, жедел бронхит диагнозымен ауруханаға түскен. 31 наурыз күні Актаудан келген азаматтың жалпы жағдайы орташа ауырлықта болған. 28 сәуір күнгі соңғы талдама қорытындысы теріс нәтиже көрсетіп, ол үйіне оралды.
Сондай-ақ, Арыс қаласының 1965 жылғы, 1987 жылғы, 1989 жылғы, 1998 жылғы, 2004 жылғы, 2010 жылғы, тұрғындары және Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауылының 1987 жылғы тұрғыны да бүгін ауруханадан шығарылды.
9-шы науқас — Сайрам ауданы, Қосбұлақ ауылының 1992 жылғы азаматы дертінен айығып, отбасына оралды.
Олардың барлығы инфекция жұқтырған азаматпен жақын байланыста болған. Мәліметке сәйкес, науқастар КВИ расталған жағдай, жедел бронхит диазнозымен ауруханада ем алған.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу