Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » АРЫС: ЖӘРМЕҢКЕДЕ 200 ТОННА ӨНІМ ТҮСКЕ ДЕЙІН ӨТІП КЕТТІ

АРЫС: ЖӘРМЕҢКЕДЕ 200 ТОННА ӨНІМ ТҮСКЕ ДЕЙІН ӨТІП КЕТТІ

Арыс қаласында жуырда болған апатты жағдайлардан кейін қаланы қайта қалпына келтіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен бүгін Арыс қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Оған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысып, Арыс қаласының тұрғындармен пікір алмасты. Өз кезегінде облыс басшысы өңір тауар өндірушілерінің еңбегін жоғары бағалады.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жәрмеңкеде Түркістан облысындағы 50 шақты тауар өндіруші 200 тоннаға жуық өз өнімдерін ұсынды. Қала тұрғындарына арналған жәрмеңкеде  барлық қажетті тауарлар ұсынылды. Тауарлар қала тұрғындарына базар нарқынан 30%-ға төмен бағада сатылымға түсті. Жиналған өнімдердің жалпы құны 67 млн. теңгеден асады.

200 тоннаға жуық өнім түске дейін толық сатылып, арыстықтар жәрмеңкені ұйымдастырған облыс әкімдігіне ризашылықтарын білдірді.

Жәрмеңкеге арнайы Төлеби ауданынан өнерпаздар қатысып, өз концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Пікір жазу