Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » АРЫС: ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ПЕН ҚАУЕСЕТ ТАРАТУ – ЕЛГЕ ЗИЯН

АРЫС: ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ПЕН ҚАУЕСЕТ ТАРАТУ – ЕЛГЕ ЗИЯН

Бүгін Арыс қаласын қалпына келтіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде брифинг өтті. ЖиындаҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі, полковник Қайыргелді Хусаинов Арыс қаласынан 60 шақырым қашықтықта мамандардың күшімен оқ-дәрілердің жарылмаған жалғыз бөлшектерін жою жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді. Сонымен бірге ол тұрғындарды расталмаған жалған ақпараттарға сенбеуге және таратпауға шақырды.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Құрметті арыстықтар! Әлеуметтік желілерде 12-15 шілде аралығында әскери қоймадан «Луна» қаруын көшіреді, ол тұрғындарға қауіпті деген ақпарат тарады. Бұл жалған ақпарат екенін ресми түрде мәлімдейміз.Қауесет таратқан әйел анықталып, елден кешірім сұрады. Араңдатудан сақ болыңыздар», – деді ол.

Түркістан облыстық төтенше жағдай департаментінің басқарма басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Бақытжан Запаров 11 шілдеде Арыс стансасындағы локомотив жөндеу бекетіндегі өрттің толық сөндірілгенін айтты.

«Өрт орнына 7 өрт сөндіру автоцистернасы мен мамандарымызсағат 16.15-те жетті. Өрттің басы сағат 16.45-те оқшауланып, сағат 20.04-те толық сөндірілді. Қызыл жалынның аумағы 2040 шаршы метрді құрады. Жалпы 13 өрт сөндіруші техникасы мен 73 адам жұмылдырылды. Зардап шеккен және жарақат алған адамдар тіркелген жоқ. Бұл өрттің әскери қоймаға ешқандай қатысы жоқ және қала қауіпсіздігі толық бақылауда», – деді Б. Запаров.

Арыс қаласы әкімінің орынбасары Рысдәулет Айтбаев қаланы қайта қалпына келтіру жұмыстарына өңіріміздің 14 облысынан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 190 құрылыс компаниясы,5 мыңға жуық құрылысшы мен 207 арнайы техника тартылып, жұмыс жүріп жатқанын жеткізді.

 

Пікір жазу