Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛАДЫ

Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Састөбе кентінде «Спорт күні» мерекесіне орайжаңа спорт кешені халық игілігіне берілетін болады.

Састөбелік жастар жаңа оқу жылын жақсы жаңалықпен қарсы алмақ. Себебі тамыз айының үшінші аптасы, яғни спорт күні мерекесіне орай кент орталығынан 240 адамға есептелген су жаңа спорт кешені пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде454 миллион теңгеге салынған спорт орталығында бокс, дзюдо, үстел тенисі, баскетбол, еркін күрес және тағы да басқа сияқты спорт түрлерімен айналысуға болады. Сондай-ақ,келушілердің ыңғайлылығы үшін киім ауыстыруға, душ қабылдауға арналған арнайы бөлмелер және бапкерлер мен медбикелерге арналған бөлмелермен де қамтылған.

Бүгінгі таңда ауданда 4 мемлекеттік спорт мектептері және 1 спорт клубы халыққа қызмет көрсетеді. Оның ішінде, 1 облыстық, 3 аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектептері және 1 спорт клубы спорттың 16 түрінен 14 ауылдық округтердегі үш мыңға жуық жастарды қамтиды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқының тұрақты түрде спортпен шұғылдануы 2020 жылға дейін 30 пайызға жеткізу керектігін айтқан болатын. Қазіргі таңда ауданда тұрақты түрде спортпен шұғылданушылар саны 29,6 пайызға жетті. Жыл соңына дейін аудан жастары мен тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа баулу арқылы аудандағы тұрақты спортпен шұғылданушылар саның 30 пайыздан асыру жоспарда бар.

Пікір жазу