Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » АРЫСТАҒЫ МАЛ ҚОРЫМЫНДА ЕШ ҚАУІП ЖОҚ

АРЫСТАҒЫ МАЛ ҚОРЫМЫНДА ЕШ ҚАУІП ЖОҚ

Түркістан облысы, Арыс қаласындағы мал қорымында еш қауіп жоқ, бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Түркістан облысы, Арыс қаласы аймағында орналасқан мал қорымдарында Сібір жарасына қатысты ешбір қауіп анықталмаған. Арыс қаласында 2 қорым бар. Бірі – Дермене, екіншісі – Қожатоғай ауыл округі аймағында орналасқан. Екеуі де сала мамандарының қатаң бақылауына алынған. Бүгін бұл туралы Арыс қалалық аумақтық инспекция басшысы Өмірқұл Омаров қалалық әкімдіктің мәжіліс залында өткен брифингте мәлімдеме жасады.

«Қазіргі таңда мал қорымдары зақымданбаған. Барлық талаптарға сай сақтаулы. Олар үнемі ветеринария қызметкерлерінің қадағалауында. Қорымдарға жыл сайын мониторинг жүргізіледі. Сол аумақтағы топырақтан ұдайы сынақ алынып отырады. Барлық зерттеулердің нәтижесі бойынша ешбір қауіп анықталмаған. Жалпы бүгінге дейін қорымдардан сібір жарасына қатысты ешқандай мәлімет тіркелмеген», — деді Өмірқұл Омаров.

Пікір жазу