Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА ДА, АРЫСТА ДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ БӘСЕҢДЕМЕЙДІ

ТҮРКІСТАНДА ДА, АРЫСТА ДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ БӘСЕҢДЕМЕЙДІ

Бұл туралы бүгін Түркістан облыстық мәслихатының сессиясында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. 2019 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы көрсеткіштер жөнінде баяндаған ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары бойынша нақты жұмыстар қолға алынатынын айтты. Президент бақылауында тұрған Түркістан мен Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарына тоқталды.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жалпы өңірде құрылыс өте қарқынды. 52,2 млрд. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, нақты көлем индексі 116 %-ды құрады. 6 айдың қорытындысымен 298,2 мың ш.м. тұрғын үй(2537 пәтер) пайдалануға беріліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 47,4%-ға артты.

«Биыл әкімшілік-іскерлік орталықтағы 16 нысанның 7-еуі пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Олар: облыс әкімдігінің ғимараты, медиа орталық, «Нұр-Сұлтан» алаңы, қалалық саябақ, музыка мектебі, халыққа қызмет көрсету орталығы, олимпиадалық резервтегі спорт мектебі.Рухани-мәдени орталығында 11 нысанның 4-еуі, яғни, амфитеатр, әуенді су бұрқақ, шығыс моншасы және неке сарайы жыл соңына дейін тапсырылады деген сенім бар», – деген өңір басшысы Арысты қалпына келтіру мәселесі да басты назарда екенін айтты.

Бүгінде Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары 17 секторға бөлініп, атқарылып жатыр. Әрбір секторға республикалық маңызы бар қала мен облыстарды бекітіп, оған қоса облыстың аудан, қала әкімдеріне жүктелген.

Арыста 7 мыңнан астам жеке, 104 көпқабатты тұрғын үйлерді, әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды жөндеу қажет. Қайта салынатындары да бар.

Бүгінде 5 646тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары басталып, оның 1100-ден астамы қалпына келтіріліп, 3 тұрғын үйдің құрылысы жаңадан жүргізіліп аяқталды.

Қалпына келтіру жұмыстарына 200-ге жуыққұрылыс компаниясы мен жұмысшылар тартылған.

Арыстық 4000 оқушыны және екі мыңдай ардагерді демалыспен қамту, тұрғындарға 100 мың теңге өтемақы беруге құжат жинау жұмыстары да жоспарға сай атқарылып жатыр.

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс қырық бірінші сессиясының жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы Серік Қожаниязов, облыс әкімдігінің мүшелері, басшылар, ардагерлер және зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Пікір жазу