Арыс қаласында орын алған жағдайға барлық қазақстандықтар болып жұмыла білді. Жеке азаматтар болсын, мемлекеттік немесе басқа да заңды тұлғалар болсын, тіпті өнер иелері, жеке кәсіпкерлер мен азаматтар да апаттық жағдайға бей-жай қарамай, дер кезінде қол ұшын созып, қолдау білдіре білді.
Бүгінде қаладағы тұрғын үй мен басқа да ғимараттар шұғыл түрде ретке келтіріліп, қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Бұл жағдайға Осы игі істен «Гидро Құрылыс» ЖШС ұжымы да шет қалған жоқ. Су құрылысы бойынша табысты еңбек етіп келе жатқан ұжым «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына 1 миллион теңге қаржы аударды.
Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
«Арыс қаласындағы жарылыс бәріміздің жанымызға батты. Осындай сындарлы сәтте қол ұшын созудан қалыс қалмай, арыстықтармен бірге екендігімізді білдіріп, қаржылай көмек көрсетуді ұйғардық», – дейді «Гидро Құрылыс» ЖШС директоры Елдос Байзақов.