Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » АРЫС: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ҚАРАСТЫ СЕКТОРДА 355 ҮЙДІҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БІТУГЕ ТАЯУ

АРЫС: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ҚАРАСТЫ СЕКТОРДА 355 ҮЙДІҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БІТУГЕ ТАЯУ

Түркістан облысы, Арыс қаласындағы апатты жағдайдан кейін қаланы қайта қапына келтіру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.

Қаланы қайта қалпына келтіру жұмыстарына Түркістан облысы жауапты болып бекітілген 7 секторда 470 үй тіркелген. Оның 7-еуі 68 пәтерден тұратын көпқабатты үйлер.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Мұнда жарылыс салдарынан зақымданған 415 үй жөндеу жұмыстарын қажет етсе, 54 үй жарамсыз деп табылып, толығымен қайта салынатын болды. Қазіргі таңда 355 үйдің жөндеу жұмыстары, 20 үйдің толықтай құрылысы қарқынды түрде жүруде. Бүгінгі күнге дейін 20 үйге жөндеу жұмыстары жасалып, тапсырылды. Аталмыш сектордағы үйлердің құрылыс жұмыстарына 23 мердігер компания тартылып, 367 құрылысшы, 69 техника жұмылдырылған. Сектор жауаптылары құрылыстың ойдағыдай жүріп жатқандығын және зақымдалған, жарамсыз күйге түскен барлық үйлердің қайта салыну жұмыстары белгіленген уақытта аяқталатынын жеткізді.

Пікір жазу