Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА БЕТОН ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА БЕТОН ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Бүгінгі таңда кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы орайда, облыс аумағында шағын және орта бизнесті дамыту  қарқыны да күннен –күнге артып келеді. Түркістан облысы Кентау қаласында бетон өндіретін «Фахри СтройБетон» ЖШС-і іске қосылып, жұмысын бастады.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жаңа зауыт м150-м450 маркалы бетондарды өндіреді. Өндіріс орны қазіргі таңда 30 адамды жұмыспен қамтып отыр. Зауытсағатына3 текше метрлік 120 дана бетон өңдеуге қауқарлы. Бүгінгі таңда шығарылған бетондардың барлығы дерлік Түркістан облысына қарасты аудан, қалаларға жіберілуде. Кәсіпорында 15 HOWО камазы, 1 жүк машинасы, 1 автобетон — насос көлігі бар. Зауыттағы бетон жасап шығаратын құрылғылардың барлығы Түркия елінен әкелінген. Серістестік басшылығы болашақта зауыт аймағын ұлғайтып, өнім көлемін көбейтуді мақсат етіп отыр.

Пікір жазу