Түркістан облысы Жетісай ауданында бүгінге дейін 324 мыңнан астам бақша өнімдері жиналды. Оның 70 пайызға жуығы Ресей мен Еуропа елдеріне экспортталып отыр. Ал қалған бөлігі еліміздің солтүстік облыстарына жөнелтілуде.
Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Бұдан бөлек, 94 600 тонна көкөніс, атап айтсанда, 32 400 тонна қызанақ, 355 тонна сарымсақ, 7 700 тонна баклажан, 3 600 тонна балғар бұрышы, 14000 тонна қияр өндірілген.
Жалпы биыл Жетісай ауданында 77 274 гектар жерге егін егілген. Оның 45 100 гектарын мақта, 16 мың гектарын бақша өнімдері, 4 мың гектарын көкөніс дақылдары құрайды.
Айта кетерлігі, бүгінде жетісайлық қауын, қарбыздар жоғары сұранысқа ие. Тәттілігі тіл үйірер бақша өнімдерінің көлемі жыл санап артып келеді. Бұл ретте бақша өнімдерінің шетелдерге экспортталуы да дұрыс жолға қойылған. Соның нәтижесінде өндірілген өнімнің 70 пайызын шетел нарығына шығаруға мүмкіндік туып отыр.
Биыл 16 мыңнан астам жерге бақша дақылдары егілсе, оның 8741 гектары пленкалы қауын, 3950 гектарыпленкалы қарбыз. Сондай-ақ, биыл ауданда 2981 гектарға ашық қауын мен 900 гектарға қарбыз егіліп отыр. Аудан шаруалары бір жерден екі рет өнім алу үрдісін қолға алып, табыс көздерін молайтуда.