Түркістан облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіровтің төрағалығымен облыстық прокуратураның 2019 жылдың І жартыжылдық жұмыстарының қорытындысы бойынша алқа мәжілісі өтті.
Мәжілісте қатысушылар атқарылған жұмыстардың нәтижесі Түркістан облысы көлеміндегі криминогендік жағдайды тұрақтандыруға ықпал еткенін көрсетті.
Бұл туралы Түркістан облысының прокуратурасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Өткен жылдың 6 айы мен 2019 жылдың 6 айын салыстырғанда тіркелген қылмыстардың саны 20,4% төмендеген (6179-дан 4917-ге дейін).
Қылмыс әлеміндегі ең көп жасалатын (41,6%) қылмыс түрі – бөтен мүлкін ұрлауға байланысты жасалған қылмыс саны 29,5% төмендеген (2906-дан 2049-ға дейін).
Үйлестірілген шаралардың негізінде қасақана кісі өлтіру қылмысы 17% төмендеді. Ал тонау 32,1% (109-дан 74-ке), қарақшылық 23,5% (17-ден 13-ке), алаяқтық 5,3% азайды.
Қоғамдық мүдделерді қорғау бағытында бірқатар оңды және нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізілді. Жүргізілген тексерулер мен талдаулар нәтижесімен 299 244 азаматтың құқықтары қорғалып (оның 122 мыңы конституциялық құқықтар), мемлекет пайдасына залалдың 638,9 млн. теңгесі және 40,8 млн. теңге әкімшілік айыппұлдар өндірілді.
Кадастрлық бағасы 5,3 млрд. тенгені құрайтын көлемі 257,6 мың га. болатын игерілмей жатқан жерлер (4221 учаске) анықталды.
Қолданылған шаралар негізінде игерілмей жатқан жерлердің 129,2 мың га. (50%) қайта игеру жұмыстары басталған, ал құны 2,3 млрд. теңгені құрайтын 33 мың га. (12%) жерлер мемлекетке қайтарылды.
Кәмелетке толмағандармен жұмыс жасау саласына нәтижесі оң әсер еткен салалық әрекет ету тәсілі бойынша қадағалау жүктелген кәмелетке толмағандардың құқығын қорғайтын топ құрылды.
Нәтижесінде, 6 айда кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар 13,7% (116-дан 100-ге), кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс 2,3% (130-дан 127-ге), соның ішінде балалардың жыныстық тиіспеушіліктеріне қарсы қылмыстар 34% (64-тен 42-ге) кеміген.
Мемлекеттік сатып алу бағатында прокурорлық ден қою амалдарын жүргізу негізінде 1,540 млрд. тенгеге мемлекеттік сатып алу нәтижелері тоқтатылып, бюджет қаржылары тиімсіз жаратылуына жол берілмеді.
Экстремистік діни материалдарды тарататын 2359 сайт анықталып, Ақпараттар және коммуникация министрлігінің Ақпараттар комитетіне жіберілген хаты бойынша аталған сайттарға тосқауыл қойылып, олар жойылды.
Алты ай көлемінде облыс прокуратурасына жеке және заңды тұлғалардан 3871 арыз-шағымдар келіп түскен.
Өтініштерді сапалы әрі жан-жақты қарау мақсатында білікті қызметкерлерден жасақталып құрылған «бейімделген қабылдаулар» арыз берушіні өз өтініштеріне нақты шешімдер мен тиісті жауаптармен қамтамасыз етуде.
Түркістан облысы прокуратурасының алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша қылмыс пен құқық бұшылықтың алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандар мен жер және еңбекке қатысты заңдылықтың орындалуын қадағалауды күшейту жөнінде прокурорларға бағдар берілді.