Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » Түлкібас ауданында көпбалалы кәсіпкер ананың демеушілігімен аялдама соғылды

Түлкібас ауданында көпбалалы кәсіпкер ананың демеушілігімен аялдама соғылды

Түркістан облысы Түлкібас ауданында көпбалалы кәсіпкер ананың демеушілігімен аялдама соғылды. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ауыл ұлтымыздың ұйытқысы, ал оның гүлденуі Тәуелсіз еліміздің әр бір жасампаз жасымыздың санасы мен сезіміне, білімі мен біліктілігіне және ынтымағы мен біліміне байланысты.
Ауылдың жағдайын көтеру алдыменен елдің жағдайын түзеу. Осы бағытта Түлкібас ауданына қарасты ауыл аймақтарға зор көңіл бөлініп, ілкімді істер қолға алынуда.
Тоғыз жолдың торабы еліміздің күре тамыры, Транс Сібір темір жолының бойында орналасқан ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық ірі округінің бірі саналатын Түлкібас кентінде жүзеге асқан игі істерде аз емес. Айтарлық, Жергілікті жердің тұрғыны көп балалалы ана Айымкүл Маткаримова өз отбасы атынан кент орталығынан 2 млн.теңге қаржыға заманауи тұрғыдағы аялдама салып берді. Осылайша қоғамдық көлік тосқан тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасап отыр.

Пікір жазу