Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖИҺАЗ ЖАСАЙТЫН ШАҒЫН ЦЕХ АШТЫ

ЖИҺАЗ ЖАСАЙТЫН ШАҒЫН ЦЕХ АШТЫ

Түркістан облысы Түлкібас ауданында көп балалы ана жиһаз  жасайтын цех  ашты, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.

Бүгінгі кейіпкеріміз Түлкібас ауданының орталығы, Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны Ақнұр Дүйсенбаева үй шаруасындағы көпбалалы ана. Қосағымен бірге 6 баланы өсіріп, тәрбиелеп отыр. Жолдасы, үлкен баласы екеуі аудан орталығындағы шағын цехтарда жихаздар жасап, оны саудалап, нәпаха табатын. Өз цехтарын ашайын десе, «қысқа жіп күрмеуге келмейді» демекші, қаражат жағы тапшы болып жүрген-ді. Үкіметтен тағайындалатын атаулы әлеуметтік көмек жайлы хабар көңілдеріне үміт ұялатты. Уақыт оздырмастан жергілікті әкімдікке тиісті құжаттарын өткізді. Көп ұзамай бұл отбасына Үкіметтен 1309116 теңге тағайындалып, бір бөлігі қолдарына берілді.

Көкейлерінде жүрген мақсаттарын орындайтын сәт те келіп жетті. Яғни үйлерінің ауласынан шағын цех ашып, әкелі-балалылар түрлі жиҺаздар жасауға білек сыбана кірісті. Тапсырысқа орай, үстелден бастап, орындық, диван, шифоньер, шкафтардың түр-түрін тәп-тәуір, сапалы етіп жасайды. Қазіргі уақытта табыстары артып, берекелері кіріп қалды. Отанасы Ақнұр Дүйсенбаева Үкіметтің осылайша қолдау жасағанына отбасының атынан алғыс білдірді.

Пікір жазу