Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ НЫСЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ НЫСЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Облыс әкімі орынбасарының назарынан Қарақай ауыл округіндегі «Медет» сүт өңдеу цехы да тыс қалған жоқ. Мұнда қазір 20 адам жұмыспен қамтылған. Жалпы құны 100 мың АҚШ долларын құрайтын кәсіпорында сүт өнімдерінің 8 түрі шығарылады. Ербол Әбілқайырұлы кәсіпорынның жұмысымен танысып, алдағы уақытта сүт тасымалдау және өндірілген өнімдерге субсидия алу мүмкіндіктерін түсіндірді.

Бұл туралы Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Биыл Жетісай ауданында 600 гектардай егістік жерге екі рет өнім егіліп отыр. Бұл көрсеткіш жыл санап арта түспек. Осы бағытта жұмыс істеп жатқан қожалықтардың саны да аз емес. Солардың біріне аялдаған Ербол Әбілқайырұлы егістік жерлерді әртараптандыру мақсатындағы жұмыстарға да оң бағасын берді.

Сапар барысында облыс әкімінің орынбасары Жылысу ауыл округіндегі «Ер-Те-Агро» ЖШС-нің 40 гектарлық жүзім алқабын аралап көрді. Былтыр мұнда жүзімнің 9 түрі егілсе, биылдың өзінде әр гектардан 3 тоннаға жуық өнім алынуда. Қазіргі таңда 9 түрлі жүзімнің 5 түрінің өнімі еліміздің барлық аймақтарына жөнелтілуде. Мұндағы жұзім сорттарының бір ерекшелігі – күзде топыраққа көмуді қажет етпейді. Яғни, 25 градусқа дейін суыққа төзіп бере алады.

Жұмыс сапары соңында облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр, Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нүрбек Бадырақов, Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтың қатысуымен кеңейтілген мәжіліс болып өтті. Жиында аудандағы ауыл шаруашылығы көрсеткіштерін жақсарту мақсатында бірқатар мәселелер талқыланып, ауыл округтерінің әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктелді.

Пікір жазу