Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Хабарландыру

Хабарландыру

Биыл Жетісай ауданында 45 мың гектарға мақта дақылы егілді. Былтырғы жылдан қарағанда ауа-райының қолайсыздығынан өңірде мақта 20-25 күнге кеш егілді.

Бұл туралы Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Соның салдарынан мақта зиянкестеріне қарсы күрес жұмыстары да кеш басталып отыр. Бұл өз кезегінде мақтаның пісіп, жетілуіне кері әсерін тигізуде. Осыны ескерген жергілікті билік барлық ауыл округтерінде бақылаушыларды бекітіп, зерттеу, зерделеу жұмыстарын бастап кетті. Сондай-ақ, бұл шараларға Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің 10 бақылаушысы атсалысуда. Егер мақта алқабыңызда зиянкестер көбейіп, қандай шара қолдануды білмей жатсаңыз осы мамандардың көмегіне жүгінуіңізге болады. Біз төменде арнайы бөлінген мамандардың байланыс телефондарын жариялап отырмыз.
Елғонов Темірхан, Жетісай және Мақтаарал аудандарына жауапты. байланыс телефоны: 874703047-90.
Сейтсұлтанов Сейтмухамед, Абай, Ералиев, Ынтымақ ауыл округтеріне жауапты. Байланыс телефоны: 87027355700.
Бигелов Нұрлан, Жылысу, Атамекен, Мақталы ауыл округтеріне жауапты. Байланыс телефоны: 87756425774.
Үмбетов Бектемір, Қызылқұм, Дәлдабеков ауыл округтеріне жауапты. Байланыс телефоны: 87782858922.
Сүгіршаев Бабамүрад, Жаңаауыл округіне жауапты: Байланыс телефоны: 87013548064.
Болтаев Бауыржан, Қазыбек би, Қарақай ауыл округтеріне жауапты. байланыс телефоны: 87022774146.

Пікір жазу