Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Оқушылар жазғы демалысты қалай өткiзiп жатыр?

Оқушылар жазғы демалысты қалай өткiзiп жатыр?

Оқу жылы аяқталғаннан соң, оқушылар жазғы тынығу лагерьлерiне баруға асығады. Осылайша, жайраңдаған жаз мезгiлiнде балалардың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас күндерi де басталады.
Олардың жазғы демалысын ұйымшылдықпен, сапалы да қызықты өткiзу мақсатында жылдағы дәстүр бойынша аудандық бiлiм бөлiмi тарапынан алдын ала жоспарланып, бүгiнде жұмыстар ойдағыдай жүргiзiлiп келедi.

Жалпы аудан бойынша 5585 бала мектеп жанынан ашылған сауықтыру алаңшаларында демалуға жоспарланған болса, оның 2996-сы ата-аналардың демеушiлiгiмен тамақтанып, күнi бойы тәрбиешiлердiң қамқорлығында болады. Ал 2589 бала түске дейiнгi уақытын мектепте өткiздi. Мұнда балалардың демалысы қызықты өтуi үшiн тәрбиешiлерi түрлi мәдени ойын-сауық бағдарламаларын ұйымдастырып, танымдық саяхаттарға апарды. Негiзiнен бастауыш сынып оқушылары қамтылған бұл сауықтыру алаңшаларындағы демалыс 27 мамыр мен 28 маусым аралығында өткен болатын.
Ендi қала сыртындағы лагерьлерде демалыс қалай ұйымдастырылып жатқандығы жөнiндегi жұмыстарға тоқталсақ. Аудандық бiлiм бөлiмiне қарасты мектептердiң аз қамтылған, көпбалалы отбасы балаларынан 350 оқушы Қазығұрт ауданындағы “Қазығұрт” жазғы сауықтыру лагерiнде кезең-кезеңiмен демалыстарын мазмұнды өткiзiп жатыр. Осы аталған лагерь жұмысына байланысты басы-қасында болып, жауапкершiлiктi өз мiндетiне алып, “Қазығұрт” сауықтыру лагерiне балаларды жеткiзiп, қажет жұмыстармен қамтамасыз етiп жүрген аудандық оқушылар үйiнiң басшысы Жиенбаева Сапаркүлдiң еңбегiн ерекше атап өткенiмiз жөн.
– Мұндай iс бiздiң ауданымызда бiрнеше жылдан берi алғаш рет ұйымдастырылып, жүзеге асуда. Бұл бюджет есебiнен жоғарыда айтылғандай аз қамтылған, көпбалалы отбасы балаларына арнайы жасалып отырған жеңiлдiк. Сондай-ақ ұстаздардың балаларына да 50 пайыз жеңiлдiкпен демалуға мүмкiндiк жасалынып отыр. Бұл орайда бiлiм беру мекемелерiнiң кәсiподақ ұйымы орасан жұмыстар атқаруда, – дедi өз сөзiнде Сапаркүл апай.
Аталмыш лагерьде оқушыларды тәрбиешiлер мен жаттықтырушылар ыстық ықыласпен қабылдап, әртүрлi iс-шаралар мен спорттық ойындар, туристiк жорықтар ұйымдастырып, балалардың қызығушылығын арттыруда. Үш ауысымда демалған балалар шiлде айының 18-iне демалыстарын аяқтайды.
Ал келесi кезекте теңiз жағалауындағы “Сыр самалы” лагерiнде 350 бала тынығады деп күтiлуде. Сыр бойынан ашылатын бұл лагерьде балалар үшiн барлық жағдайлар жасалып, олардың тынығып, жаңа күш-қуатпен оқу жылын бастауына зор мүмкiндiк болады деген сенiмдемiз. Ұйымдастыру жұмыстары қазiрден-ақ қолға алынуда. Аудандық бiлiм бөлiмiнiң тәрбие саласының әдiскерi Н.Әбiлдаевтың айтуынша бұған толық мүмкiндiк бар.

 

Ж.ӘБДIРАХЫМОВА

«Өскен өңір газеті.

Пікір жазу