Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КЕЛЕС: «АӘК» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТҚАН ОТБАСЫ

КЕЛЕС: «АӘК» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТҚАН ОТБАСЫ

Келес ауданында «АӘК» жобасы бойынша тұрмыстық жағдайын жақсартқан отбасылар туралы Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Келес ауданы, Абай ауылының тұрғыны Бекназаров Берик Тасбауович 2018 жылдың қазан айында Атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасына қатысуға өтініш білдірген. Өтініш білдіргенге дейін отбасының жиындық табысы 37005 теңгені құрады. Отбасы құрамында 9 адам. 7 баласы бар, өзі еңбекке қабілетті, жұбайы бала күтімінде.


Бекназаров Берик Тасбауович «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасымен Біртілек ауыл округі «Нурмухамедов Б.А.» шаруа қожалығына тұрақты жұмыс орнына жолданып, отбасына 1083276 теңге көлемінде шартты ақшалай көмек тағайындалынған болатын. Жеке қосалқы шаруашылығын дамыту мақсатында, шартты ақшалай көмектің бір жолғы төлеміне өтініш білдіріп, 541638 теңгеге 10 қозылы қой алып, мал шаруашылығын әрі қарай дамыту үстінде. Қосымша жалға дүкен орын алып, азық- түлік дүкенін ашты. Бүгінгі таңда Бекназаровтар әулетінің отанасы 7 баласы бар алтын алқа иегері, кішкентай баласын ауылдағы балабақшаға беріп, аталған дүкен саудасын жүргізуде. АӘК бағдарламасына қатысып отбасының көптен армандаған өз кәсібін жүргізуге қол жеткізіп, табысы ұлғайды. Алдағы жоспары мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін пайдалана отырып, келісім шарт уақыты аяқталған соң, Атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасына қатысуға өтініш білдіріп, жасап жатқан кәсіптерін ұлғайтуды көздеп отыр.

 

 

Пікір жазу