Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Мақтаарал ауданында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің»жәрмеңкесі іс-шарасы өткізілді

Мақтаарал ауданында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің»жәрмеңкесі іс-шарасы өткізілді

Мақтаарал ауданы әкімдігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ-ның «Халықа қызмет көрсету орталығының» Мақтаарал аудандық бөлімінің бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес әкімдік қызметкерлері мен ХҚКО мамандары,ағымдағы жылдың 26 маусым күні Мырзакент кентіндегі «Мәдениет үйінде», 27 маусым күні Атакент кентіндегі Атакент кенті әкімі аппаратының ғимаратында, 28 маусым күні орталық базар аумағында халық жиналатын орындарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткзілді. Іс-шара барысында қызметтерді электронды үкіметтің «Egov.kz» порталы арқылы және EgovKzBot Telegram арқылы алу жолдары насихатталды.


Іс-шара барысында жарнамалық брошюролар мен қосымшаларды пайдаланудың ыңғайлы видео роликтері көрсетілуде.
Қазіргі таңда EgovKzBot қосымшасы арқылы 25 сервистермен қызметтер көрсетіледі. Айта кетейік, бір жыл бұрын іске қосылған EgovKzBot-ты 300 мыңға жуық қазақстандық қолданып үлгерген. Бот қызметін пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында тіркелуі шарт.
Бүгінде ол базаға 6,8 млн адам өз мәліметтерін енгізген. Акция барысында 500-ге жуық тұрғын телеграммен қамтылды.

EgovKzBot Telegram қалай орнату керек?
1-қадам:App Store немесе Coogle play арқылы өз смартфонымызға орнатамыз.
2-қадам: іздеу батырмасы арқылы EgovKzBot табамыз
3-қадам: Start батырмасын басамыз өз телефон нөмірімізді жібереміз
4- қадам: көрсетілген түймелердің қадамын өзіңізге керекті қызметті сұрай аласыз
5-қадам: сұрау нәтижесі бойынша өзіңізге жүктей аласыз немесе электронды почтаға жібере аласызөте қарапайым Telegram арқылы өте жылдам әрі ыңғайлы.

Пікір жазу