Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АУЫЛШАРШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

АУЫЛШАРШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков бастаған топ ауылдық округтердің 6 айда жасаған жұмыстарымен танысуын Қаратөбе ауылдық округінде жалғастырды.

Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.


Ауылдық округке қарасты Қаратөбе, Майбұлақ, Балдыберек, Қостөбе, Төңкеріс елді мекендеріндегі әр тұрғынның тұрмыс-тіршілігімен танысып шыққан аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшыларының қатысуымен Қаратөбе елді мекеніндегі клубта тұрғындармен қорытынды жиналыс өткен болатын.
Жиын басында аудан әкімі Сыпабеков Алимжанның қосалқы шаруашылығындағы сауынды биелердің жұмысын, «Өркен» ШҚ-ның жылыжайын және 7 га жерге егілген бауын, Ералиева Гулсараның үй іргелік жерін, жеке кәсіпкер Ахатова Назипаның 8 га жерге егілген қарқынды бауын аралап көрді.

Содан кейін, бөлім басшылары өздерінің зерттеп шыққан жұмыстарын баяндады. Бірінші болып аудандық экономика және қаржы, кәсіпкерлік бөлімдерінің Қаратөбе ауылдық округі бойынша мәліметін аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Ашрапов өз баяндамасында ауылдық округте анықталған кәсіпкерлік нысандардың мемлекеттік актілері тұрғын үймен бірге жасалып кеткендігі және техникалық құжаттары дұрыс емес болуына байланысты мүліктік құны төмен бағаланған үйлердің бар екенін атап көрсетті.
Ал, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қ.Тұрғынбаев өзінің есебінде, ауылдық округте 600,38 га жердің және тұрғын үй мақсатында берілген 205 жер учаскелері мақсатына сай пайдаланылмай жатқанын, 868 тұрғын үйдің 569-ы үй іргелік жерлерді тиімді пайдаланып көкөніс, картоп дақылдарын, 299 үй жеміс-жидек ағаштары мен көп жылдық мал азығын егіп жатқандығын айтты. Сонымен қатар, ауылдық окургтегі 4000 м ішкі арықтардың 2800 метрі тазаланбай толып қалған. Сол себепті бау-бақшаға ағын су келмей қалған. Егілген астық дақылдарын тілсіз жаудан сақтау мақсатында өрт қауіпсіздігіне қарсы жолақ жырту жұмыстары жүргізілмегенін жеткізді.


Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Н.Оспанов биылғы жылға округте асфальт, шағал тас төсеу жұмыстары толығымен аяқталғанын, алдағы уақытта абаттандыру жұмыстары, жол аяқ және көше жарығы, жол кедергілерін орнату жұмыстары қыркүйек айына жоспарланып отырғанын және елді мекендегі ішкі көшелер мен орталық көше бойлары шөптерден тазаланбағандығын жеткізді.
Аудан әкімінің орынбасары Р.Бейсебаеваның есебі бойынша Қаратөбе ауылдық округіне қарасты 13 мемлекеттік мекемеде 2 мекеме маңдайшалары ауыстырылмаған, мекемелердің алдындағы орнатылған пандустар стандарттық талапқа сай емес.
Аудан әкімі Б.Омарбеков тиісті сала басшыларының баяндамасын тыңдағаннан кейін Қаратөбе ауылдық округінде ауылшаруашылығы жұмыстарын жандандыруға негіз көп екенін айта келе, бақша дақылдарын егіп, бүгінде облыс орталығына қиярын саудалап, пайдасын көріп отырған Кененбаев Шырынбектің еңбекқорлығын көпшілікке үлгі етіп, жергілікті тұрғындарды суармалы жерлерін тиімді пайдалануға, етті, сүтті бағыттағы мал басын көбейтуді, жайылымдық жер қорының болуына байланысты бие байлап, қымыз саудасын жандандыруды баса айтты. Сондай-ақ,Қаратөбе ауылдық округінде шағын сүт цехын ашу бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізуді, омарташылықпен айналысып жатқан азаматтар және олардың өнім көлемі, өнімнің қайда шығарылып сатылып жатқаны туралы толық ақпарат жинақтауды, аудандағы мектептердің білім сапасын көтеруді, ветеринария саласы бойынша тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп тұру керек екенін тапсырды.
Аудан басшысы сонымен қатар, кезінде тұрғын үй мақсатында жер алып, ол жерлердің рақатын не өзі көрмей, не басқаға көрсетпей босқа ұстап отырған тұрғындардың бар екенін, ал осы кезде үйге нағыз зәру, мұқтаж жандар ұлтарақтай жерге зар болып жете алмай жүргенін назарға салды.

 

 

Пікір жазу