Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «ҚАСҚАСУ» ТАУ-ШАҢҒЫ КУРОРТЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН «ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ» ӨТТІ

«ҚАСҚАСУ» ТАУ-ШАҢҒЫ КУРОРТЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН «ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ» ӨТТІ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары М.Мырзалиевтың басшылығымен Төле би ауданы, Қасқасу елді мекені, ««Еco Village Кaskasu» демалыс аймағында «Қасқасу» тау-шаңғы курортын дамыту бойынша халықаралық сарапшылардың қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Дөңгелек үстелге» мемлекеттік органдар, Dianeige France, STEM International France,MND Group Franceсияқты халықаралық компаниялардың сарапшылары, РФ және ҚР халықаралық шаңғы федерациясының инспекторлары және қазақстандық компаниялар «Гео дата плюс» ЖШС және «ASP Project company» ЖШС қатысты. Жиынға қатысқан барлық компаниялардың тау-шаңғы курортын құру және дамыту бойынша үлкен тәжірибесі бар.

Іс-шараның басты мақсаты – жобаны халықаралық сарапшылармен алдын ала талқылау және ұсыныс пікірлерін алу.

Жиында сөз алған Фрере Эдди «MND Group France» компаниясының директоры Фрере Эдди жобаның техникалық экономикалық тұрғыдан тиімді жасалынғандығын және өңірдің дамуына зор үлес қосатын айтса, Халықаралық шаңғы ферерациясының инспекторы Андрей Обыскалов жоба әлеуетін ескере отырып жүзеге асқанда құрылықтық және халықаралық шаңғы іс-шаралар өткізуге мүмкіндік бар екендігін жеткізді.

Жоба бұған дейін халықаралық деңгейде қызу талқыланған болатын.Бүгінгі таңда CG Group компаниясы қонақ үй кешендерін салуға қызығушылық танытып отыр. Жалпы курорт аумағы 2 негізгі аймаққа бөлінген:

–тау шаңғысы инфрақұрылымы бар жоғарғы базасы (шаңғы трассалары, арқан және дөңес жолдар, көтергіштер, сервистік ғимараттар) 1 910-ден 3 200 метрге дейінгі биіктікте;

– төменгі база (қонақ үйлер, мейрамханалар, аквапарк,ойын, спорт және жаттығу орталықтары) 1600-ден 1900 метрге дейін биіктікте.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі заманғы тау-шаңғы курортының құрылысы өңірдегі жаппай тау-шаңғы спортын дамытуға серпін береді, отандық туризм индустриясы қызметінің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, Түркістан облысының инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Жобаны іске асырудың бірінші кезеңінде келушілер саны 110 мыңнан 140 мың адамға дейін артады деп күтілуде.

Бұдан басқа, Қазақстанда туризмді дамыту жөніндегі 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында «Қасқасу» тау шаңғы курортының жобасы республикалық маңызы бар «Қазақстанның туристік картасы» ТОП – 50 нысанының тізіміне енді.Сондай-ақ Түркістан облысын дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған кешенді жоспарына енгізілді.

 

Пікір жазу