Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ «АҚ ОРАМАЛ — 2019!» АТТЫ АУДАНДЫҚ ӘЖЕЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ…

ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ «АҚ ОРАМАЛ — 2019!» АТТЫ АУДАНДЫҚ ӘЖЕЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ…

Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже — отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын – абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ана, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі әлі күнге дейін әжелеріміздің бойында сақталып, жас ұрпақтың саналы болып өсуіне септігін тигізіп келеді.


Осы орайда,  Төлеби аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттауға, сондай-ақ, тәрбиелік мәні жоғары халықтық өнерді, салт-дәстүрді, мақал-мәтелдер мен жас сәбидің ақ әженің әлдиі мен жылы қамқорлығынан бастау алатындай әдет-дағдыларды жаңғырту, ұрпақ алдындағы парызымыз екендігін жеткізу, әжесінің ертегісін есітіп өскен баладан тәрбиелі ұрпақ шығатынын дәлелдеу мақсатында ұйымдастырылған «Ақ орамал — 2019» атты аудандық әжелер байқауы өтті.
Байқауға ауылдық мәдениет ошақтарынан алдын – ала іріктеу кезеңінен өткен 11 ақ жаулықты әжелер қатысып, бағын сынады.

Қазылар алқасының шешімімен төмендегідей нәтиже шығарылып, байқау қорытындыланды:

Бас жүлде-Тілегенова Тілләқыз / Жеңіс ауылдық мәдениет үйі/
І-орын-Шафикова Зейтуна /Леңгір қаласы,аудандық әжелер қоғамы/
ІІ-орын-Иманәлиева Пернекүл /Мәдени ауылдық клубы/
ІІІ-орын-Молдабекова Құралай /Тасарық ауылдық клубы/
ІІІ-орын-Шеңгелбаева Зылиха / Бейнеткеш ауылдық клубы/
«Ақ әже» номинациясы- Пірләнова Дәмелі /Қостөбе ауылдық клубы/
«Парасатты әже» номинациясы-Сәттібаева Шәрипа /Киелітас ауылдық округі/
«Өнерлі әже» номинациясы-Сейдақұлова тәбия /Диқанкөл ауылдық клубы/
«Дана әже» номинациясы-Байсейітова Қызылкүл /Бірінші мамыр ауылдық мәдениет үйі/
«Асыл әже»номинациясы-Миятбекова Зылиха/Көксәйек ауылдық мәдениет үйі/ марапатталды.

Пікір жазу