Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.


Арыс қаласында болған төтенше жағдайдың салдарын жою, тұрғын үйлерді қалпына келтіру ісімен айналысып жатқан аймақтағы әрбір 17 сектордың жұмысы Арыс қаласының әкімі М.Қадырбектің жіті бақылауында. Бүгін шаһар басшысы Ақтөбе облысының құрылыс саласына жауапты мамандармен бірге, 12 секторға қарасты Б.Онтаев, К.Омаров, Егембердиев көшелерінің тұрғындарымен кездесіп, өтініштерін тыңдап, жауапты мамандарға нақты тапсырма берді. Б.Онтаев көшесі №54 үйдің тұрғыны Г.Мұсаеваның шатырын жабу туралы айтқан өтініші бойынша мердігер мекеменің басшысы шақырылып, мәселе өз шешімін тапты. Секторда жалпы саны 789 тұрғын үй бар, оның 542-сі зақымданған,1 үй тұруға жарамсыз деп танылған. Қазіргі таңда 85 зақымданған үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде, құрылыс жұмыстарына 162 адам тартылған. Секторларда жұмыс қала толықтай қалпына келтірілгенше жалғасатын болады.

Пікір жазу