Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТТЕ ЖАЗҒЫ ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

ШЫМКЕНТТЕ ЖАЗҒЫ ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен «Шымкент-адалдық алаңы» жобасы аясында қалалық білім басқармасымен бірлесіп «Ақсу» лагерінің тәрбиеленушілерімен кездесу өтті,  деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша  департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz».


Іс-шараның мақсаты балаларды парасаттылық, адалдық және ашықтық негіздеріне үйрету болып табылады.
Мектеп оқушыларымен тілдескен Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы А. Жұмағали 2019 жыл біздің еліміз үшін ерекше жыл екенін, себебі Елбасы жастар жылы деп жариялағанын атап өтті.
«Еліміздің басты байлығы Сіздер, біздің балаларымыз, біздің жас ұрпағымыз. Қазақстанның құрылуы, дамуы және жетістікке жетуі барлығымызға байланысты. Бұл мәселеде парасаттылықтың маңызы өте үлкен. Балалық шақтан бастап біз адал және әділ болуға, бар ынтамызбен оқып, дамуға тиістіміз» — деді Асхат Жұмағалиұлы.
Сөзін қорытындылай келе Ол жақсы қарым-қатынас орнатып, әдептілік пен адалдықты бірінші орынға қойып, өмірде маңызды нәтижелерге қол жеткізетіндіктеріне сенімді екенін атап өтті. Балаларға жазғы демалысты ерекше өткізуді және сәттілік пен табыстар тіледі.
Сонымен қатар, Департамент басшысы оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Іс-шара барысында балалар патриоттық әндер шырқап, флешмоб, асфальтта сурет салу байқауы өткізілді.
Айта кету керек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық пен адалдық принциптерін нығайту мақсатында қаланың барлық мектептерінде «Адал ұрпақ» мектеп клубтары жұмыс істейді. Бүгінгі таңда, 46 000-ға жуық оқушылар клубтың мүшелері болып табылады.
Қалалық білім басқармасы өкілдерінің ақпараты бойынша бүгінгі күні «Ақсу» лагерінде балалар үйлерінен 116 бала және Арыс қаласынан 50 оқушы демалуда.

Пікір жазу