Түркістан қаласы 16 секторға бөлініп, картасы дайындалды. Әр секторға, бір ауданнан беріледі. Осылай тұрғындар өз арыз-шағымдарын оңай жеткізе алады.
Түркістан қалалық әкімдіктің аппарат басшысы Қанат Мылтықбеков жергілікті тұрғындардың арыз-шағымын тыңдады. Бүгінде шаһар тұрғындарын жол, қоғамдық көлік және коммнуалдық мәселелер көптеп мазалайтын көрінеді. Енді тұрғындар проблемаларын, мөлтек аудан және көше төрағалары, секторларға жауапты мамандарға тікелей хабарласып жеткізе алады. Яғни, төрағалар аяқ жол мен жарық шамдар, суағарлар мен қоқыс жәшігі бойынша анализ жасап, облыс әкімі алдында есеп береді. Мәселен, Бекзат мөлтек ауданына Қазығұрт ауданы жауапты, олар қаржылай құрылыс, техника, тас төсеу жұмыстарына жәрдемдеседі. Айтып өтейік, өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев бұл жүйені, Арыс қаласын қалпына келтіру мақсатында іске асқан секторларға бөлу тәжірибесінен қалыптастырды.
Қанат Мылтықбеков – Түркістан қаласы әкімдігінің аппарат басшысы: Жаңа әкім келгелі чат жұмыс істеп келе жатыр. Соған сіздер қ хабарласып айтуларыңызға болады. Казір 100 ден астам арыз өтініш келіп түсіп жатыр. Біз олардың барлығына жауап беріп жатырмыз.