Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » 500 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

500 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

Жуырда Сарыағаштық  500 отбасы баспаналы болады, ,деп хабарлайды облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz».

Сарыағаш қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпқабатты 13 үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Демографиялық өсу қарқыны аса жоғары аймақта соңғы қырық жылдың ішінде алғаш рет осындай көлемде баспана салынуда. Әр үйдің тұрғызу үшін қазынадан 396 миллион теңге бөлінді. Осындай ауқымды құрылыстың арқасында баспана кезегін күткен 500-ден астам отбасы тамыз айында пәтерлі болмақ.

Сарыағаш қаласына кіреберіс аумақ қазір қайнаған құрылыстың ортасы. Баспаналарды 6 мердігер компания тұрғызуда. 600-дей адам екі ауысыммен жұмыс істеп жатыр.  Әрқайсысы 45 пәтерден тұратын үйлер сәулеттік  жобасымен де ерекше.   Бөлмелері кең. Ыңғайлы етіп соғылған. Қабырғалары жылу сақтайтын  материалмен қапталып жатыр.

Осылайша тұрғын үй кезегінде тұрып, баспаналы болсам  деген отбасылардың  армандары  орындалып, сарыағаштықтардың қоныс тойын тойлау күндері де жақын.

Пікір жазу