Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БАСТАУ ЖОБАСЫ КӨП БАЛАЛЫ ЖАНҰЯЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ

БАСТАУ ЖОБАСЫ КӨП БАЛАЛЫ ЖАНҰЯЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ

Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен «Бастау бизнес» жобасы өз жұмысын жалғастыруда. Мақсат өңірдегі қаржылық сауаттылықты арттыру, жаңа бизнес көздерін ашу. Бүгінде Шардара ауданында жобаның 2 лектегі тыңдаушылары оқуды аяқтап, бизнес жоспарларымен бөлісті.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі А.Мәуленнің  материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Ауылшаруашылығымен айналысамын деушілерге мемлекет тарапынан көптеген мүмкіншіліктер қарастырылған. Ал, Атамекен Ұлттық кәсіпкерлік палатасы бұл жолы көп балалы отбасыларға қолдау көрсетуді жөн санаған. Аталмыш жоба арқылы кәсібімді жандандырамын деушілердің бірі Санжар Сариев. Ол балық шаруашылығына ең қажетті мұз өндіру жобасын ұлғайтуды көздеп отыр.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017 — 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы республика көлемінде жүргізілуде. Жеке кәсібін ашам деуші 77 түлек жоспар бойынша бітіріп шықты.

Айта кетейік, «Бастау бизнес» жобасын бітірген 6 жоба мемлекеттің қайтарымсыз грантына қол жеткізеді. Одан бөлек 19 жобаға несие беру қарастырылған. Бастысы халықтың әл-ауқатын жақсарту.

 

Пікір жазу