Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҮШЖЫЛДЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

ҮШЖЫЛДЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

Бүгін алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс қырқыншы сессиясы өтті. Халық қалаулары күн тәртібіндегі 3 мәселені қарап, бірауыздан бекітті.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Әсембектің  материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Депутаттар бірінші кезекте Түркістан облыстық мәслихатының  2018 жылғы 12 желтоқсандағы  «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселені алға тартты.

Шәріпбек Жамалбекұлы — Түркістан облыстық мәслихатының депутаты: шешім жобасындағы бірінші қосымшасында. Екінші шығындар бөлімінде облыс әкімінің аппараты бойынша 120-113 жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаражаттар бюджеттік бағдарламасы 120 млн. теңгеге қысқартылсын. Облыстық қаржы және мемлекеттік әдістар басқармасы бойынша 751-12 облыстық жергілікті атқару органының резервінің бюдежттік бағдарламасы 120 млн. теңгеге ұлғайтылсын. Шешім жобасына аталған өзгерістерді енгізіп, қабылдауды ұсынамын.

Күн тәртібіндегі кезекті  мәселелер — Түркістан облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдар мен  БАҚ өкілдерімен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің дербес құрамын құру болды. Аталған мәселелерді халық қалаулылары бекітіп, тиісті шешім қабылдайтын болады.

 

Пікір жазу