Арыс қаласын қалпына келтіру шаралары басталғалы, еліміздегі барлық мемлекеттік және жеке ұйымдар үлес қосуда. Апаттан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсетуден белсенді жастар да құралақан емес. Шымкент қаласы, Келешек» жастар қанатының белсенділері Арыс қаласына барып, сенбілік өткізіді.
Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.
Ел басына түскен сын мен қайғы жасқа да жасамысқа да ортақ. «Кәсіподақтар орталығының» белсенділері Арысқа арнайы барып, сенбілік ұйымдастырды. Сенбілікте жаралыстан зардап шеккен баспаналардың құрылысына көмектесіп, жұмысшыларға қолғабыс жасады. Еріктілердің бір тобы сынған терезелер мен шатырларды жинады. Ал енді бірі айналаны күл-қоқыстан тазартты. Жастардың жанашырлығы мен қамқорлығы елді сүйсінтті. «Келешектiктер» алдағы уақытта да тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін барын салып, сенбілік шараларын ұдайы ұйымдастыратын болады. Беленділер өз кезегінде ұйымшылдығын көрсетіп, қала халқына қолғабыс болып, алғысқа бөленді.