Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМДА ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ ДАМЫҒАН

САЙРАМДА ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ ДАМЫҒАН

Сайрам ауданында тамақ өнеркәсібі қарқынды дамуда. Аудан кәсіпкерлері дайындаған ұн өнімдері аудан халқын түгелдей қамтамасыз етуге жетеді. Тірліктің көзін тапқан бизнесмендер мемлекеттік жәрдемді де тиімді пайдалануда.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Қ.Дүйсенбінің  материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Өнімі сұранысқа ие кәсіпорынның бірі «Береке» тәтті нан өнімдері.  Аудан орталығында орналасқан кондитер цехында тәтті нанның сан түрі шығады. 2008-ші жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан  цехта 20 адам жұмыспен қамтылған. Орташа айлық 100 мың теңге көлемінде.

 Наргиза Дастурбаева – аспаз-кондитер: осы «Береке» тәтті нан цехында 5 жылдан бері жұмыс істеймін. Осы жерде көріп тұрғандай тәтті нан шығарамыз. Бір күнде 5 тоннаға жуық тәтті нан шығарамыз. Әр түрлі торттар, бәліштер. Нанның 30-40 түрі бар. Булочка.лепешка, торттың түрлері көп. Сұраныс жақсы.

Ақсукенттегі нан орталығына келіп арнайы  тапсырыс беруге де болады.   Кондитер цехының тұрақты тұтынушысы  Гүлшара Үсіпбекте бұл жолы құдалыққа арналған нан тоғыз жасатты.

Гүлшара Үсіпбек – тұтынушы: — Магазин берекелді, құда-жегжатқа нан тоғызды дайын етіп тұрады. Магазиніміз берекелі-мерекелі болып тұра берсін. Нандары өте дәмді, тәтті. Рахмет балдарға, қыздарға.

Сайрамдағы бюджетке   келіп түсетін салық төлемдерінің  80 пайызы  өнеркәсіп саласынан келеді. Өткен жылы ауданда  9 млрд теңгенің өнімі өндірілген болса, оның  45 пайызы тамақ өнеркәсібінің еншісінде. Халқы еңбекқор ауданда шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамуда деп айтуға болады.

 

Пікір жазу