Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » АРЫСТА «БІРЫҢҒАЙ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

АРЫСТА «БІРЫҢҒАЙ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Арыстықтарға көмек көрсетуге кәсіподақ өкілдері де белсене атсалысуда. Шымкент қаласы «Кәсіподақтар орталығының» ұйымдастыруымен «Бірыңғай қызмет көрсету орталығы» іске қосылды. Онда жапа шеккен тұрғындарға психологиялық, заңгерлік көмектер көрсетілетін болады.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Аталмыш орталықтың мақсаты жапа шеккен тұрғындарға көмек көрсету. Онда кәсіби заңгерлер мен  еріктілер жұмыс істейді. Медиаторлар тұрғындардың даулы істерін сотқа жетпей тындырса, ал заңгерлер халыққа құқықтық қызметтер көрсететін болады. Сондай-ақ еріктілер елді аралап, тұрғындардың қандай қызметтерге мұқтаж екендігімен танысады.

БЕРІК БЕКЖАНОВ- Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша «Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы: Халыққа моральдық тұрғыдан көмек көрсету мақсатында медиация орталықтарыме,н бірге ситуациялық орталық аштық. Онда негізгі мақсат-Арыстық тұрғындарға бірінші заң, екінші психологиялық көмек сонымен, қатар әлеуметтік желілерде арандатушылық әрекеттер көрініс табуда. Овсы мәселелерді болдщырмау мақсатында ұйымдастырып жатырмыз.

Орталықтың алғашқы жұмыс күні бірнеше азамат түрлі қызметтер алып үлгерді. Солардың бірі – Дүйсенкүл  Маханова.    Ол жарылыс кезінде тұрғын үйінің құжаттарын жоғалтып алған. Мамандардан кеңес алу үшін  орталыққа келіп, заңгерлермен тілдесіп құжаттарын рәсімдеудің тиімді жолдарымен танысты.

ДҮЙСЕНКҮЛ МАХАНОВА-Арыс қаласының тұрғыны: Міне бүгін келдік. Осы жерден бір штаб ашып жатыр екен, рахмет. Барлық саланы қамтимыз деп жатыр. Бұдан кейінгі күндерде осындай мәселелеріміз болса, көмек сұраймыз. Осы Арыс қаласына келіп осындай қызмет атқарып жүргепн кәсіподақтарға рахмет.

 Алдағы уақытта бұл орталықта барлық тұрғындардың өтініші қаралып, кәсіби мамандар жұмыс істейтін болады. Осындай игі іс  жасап жатқан кәсіподақ өкілдеріне арыстықтар  алғыстарын білдірді. Бүгінде тұрғындардың қалыпты өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалып жатыр.

 

Пікір жазу