Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АРЫС: БЕРДІМҰРАТОВТАР БАСПАНА КІЛТІН АЛДЫ

АРЫС: БЕРДІМҰРАТОВТАР БАСПАНА КІЛТІН АЛДЫ

Арыс қаласындағы тұрғын үйі жарамсыз күйге түскен Бердімұратовтар отбасы баспаналы болды. 20 жылдан бері тұрып келген, қара шаңырағынан айрылған жандар енді қоныс тойын тойлауға дайындықты бастады. 6-шы сектордың міндетін атқарушы Қызылорда облысы мен Созақ ауданы іргелес жатқан тұрғын үйді сатып әперіп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп берген. Бұл ұсыныс екі жақты мақұлданып, 10 күннің ішінде жайлы орынға жайғастырды.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Н.Мұхамеджанұлының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Қаламқас Әуезова, жарылыс орын алған сәтте жайбарақат үйдің шаруасымен айналысып отырған. Кенеттен қатты дауыс пен астаң-кестеңі шыққан баспанасы отанасын көзді ашып жұмғанша әбігерге салды. Үйдің құжаттарын алып үлгеріп, отбасы мүшелерімен жанталасып қашып үлгерді. Қазір бұл оқиғаны еске алғасы келмейді. Көп жылдардың жарқын естеліктері ойға оралады. Қазір жаңа баспанасында жаңа мақсаттарға қадам басып, отбасының мүшелерінің аман қалғанына қуанады. Сектор жауаптыларына алғысын айтады.

Қызылорда облысы мен Созақ ауданына жүктелген 6-сектордың жағдайы қазір күн санап жақсарып келеді. Мұндағы 254 үйге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 95-і толық аяқталды. Жарамсыз деп танылған жалғыз осы Бердімұратовтардың шаңарағы еді.

6-сектордағы жағдайды толық қалпына келтіру үшін бүгінде 166 құрылысшы күндіз, түні еңбек етуде. 3 техника күші жұмылдырылып, 4 пластикалық цех іске қосылған. Мақсат бүлінген баспаналарды аз уақыттың ішінде сапалы етіп аяқтау.

 

Пікір жазу