Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » АРЫСТАН КЕЛГЕН БАЛАЛАРДЫҢ ДЕМАЛЫСЫ

АРЫСТАН КЕЛГЕН БАЛАЛАРДЫҢ ДЕМАЛЫСЫ

Арыс қаласынан Баянауылға 130 бала келді. Демалушылармен Павлодар облысының әкімі кездесіп қайтты. Аймақ басшысы Болат Бақауов балалардың жай-күйімен танысып, оларға көңілді демалыс тіледі.

Кездесу Баянауылдағы Жасыбай көлінің жағасында өтті. Балалар солтүстіктің тамаша табиғатында демалуда. Күн сайын спорттық, ән-би байқаулары, білім сайыстары ұйымдастырылуда. Өңір тарапынан жас жеткіншектердің демалысы қызықты өтуіне барлық жағдай жасалмақ.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі А.Мәуленнің  материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

БОЛАТ БАҚАУОВ — ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: -Қазір 130 бала демалып жатыр. Біз нақты не істеу керектігін білу керекпіз. Ең бастысы балалардың көңілдері көтеріңкі.

 Демалыс күндерін белсенді өткізген балалардың көңілдері көтеріңкі. Он бес жастағы Інжу Өтебай лагерге сіңлісімен  бірге келген. Баянауыл табиғаты жасөспірім қызға өзгеше әсер етуде. Көлдің сұлулығы мен таза ауасы қатты ұнауда.

ІНЖУ ӨТЕБАЙ – АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: -Бізге бұл жер өте қатты ұнады. Арыс қаласында болған жағдайды ұмытып кеттік. Бір-бірімізбен барлығымыз тату-тәттіміз. Әр күн сайын ата-анаммен хабарласып тұрамыз. Мен әкеме бұл жерге көшіп келейік деп ұсыныс тастадым.

 Жақын арада Павлодарға 170 бала келеді деп жоспарлануда. Оларды Ақсу қаласындағы «Ферроқорытпа» зауытының лагері мен Шарбақтыдағы «Шағала» демалыс орындары күтіп отыр.

 

Пікір жазу