Қоғамда мүмкіндігі шектеулі болғанымен өмірге деген құштарлығы, сүйіспеншілігі шексіз арманы асқақ жандар аз емес. Мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін көптеген бағдарламалар әзірленіп, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соның ішінде, мүмкіндігі шектеулі жандарды тегін автокөлікпен қамту мәселесі.
Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.
Түркістан облысы Отырар ауданының бюджет қаржысы есебінен «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» мекемесінің теңгеріміне мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы жабдықталған «Газель» автокөлігі тарту етілді. Игі шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Ерлан Айтаханов мұндай арнаулы көліктің облыстағы аудан-қалаларда бірінші рет жүзеге асқандығын атап өтті. Сонымен қатар, мұндай игі шаралар мұнымен шектеліп қалмайтындығын айтып, автокөлік кілтін салтанатты түрде аталған мекеме директорына табыстады.
Ал, бір топ мүмкіндігі шектеулі азаматтар емдік шаралар қабылдау жәнедәрігерлерге көріну үшін су жаңа көлікпен облыс орталығына жолға шықты.