Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ 35 ТҰРҒЫНЫ ЕМДЕУ САУЫҚТЫРУ МЕКЕМЕСІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ 35 ТҰРҒЫНЫ ЕМДЕУ САУЫҚТЫРУ МЕКЕМЕСІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Арыс қаласының 35 тұрғынына жолдама берді. Денсаулығына байланысты емханада есепте тұратын емделушілер енді түлбастағы «Ақсу жабағылы» емдеу-сауықтыру мекемесіне барады.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Шіліңгір шілдеде таудың салқын самалы мен саф ауасы да таптырмас ем. Денсаулық сақтау саласының  мамандары Арыс тұрғындарына осындай мүмкіндік берді. Бір мезгіл денсаулығына қарап, тынығып қайтуды ойластырған арыстықтарға айтарлықтай демеу болары сөзсіз.

Айдынбек Наркабулов-Облыстық Клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары: Бұл соңғысы емес алдағы уақытта да осындай шаралармен көмек беру ойымызда бар. 

 Назерке Нұрлыбайқызы – өзіне мұндай ұсыныс болады деп күтпеген еді.  Садықбек Адамбеков атындағы жалпы орта мектептің тарих-география пәнінен дәріс беретін мұғалім  бұл ұсынысты бірден қабыл алды. Себебі еңбек етіп жүрген 11 жыл ішінде өз денсаулығына қарауға мүлдем уақыттың болмағанын айтады. Бүйрегі жиі ауырып мазалайтын ол осы сәтті пайдаланып, жақсылап емделуге бел байлапты.

Арыс тұрғындары бүгін «Ақсу Жабағылы»  емдеу-сауықтыру   орталығына аттанып кетті. Енді олар он екі күн бойы Алатау бөктерінде дертіне ем алады, тынығып демалады.

 

Пікір жазу