Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АСТЫҚ ЖИНАУ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ

АСТЫҚ ЖИНАУ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ

Биыл Бәйдібек ауданында 44 650 гектарға дәнді дақыл егілді. Қазір шаруалар астық жинау науқанын қызу жүргізіп жатыр. Алажаздай еткен еңбектің өтеуі көңіл қуантарлықтай. Өнім былтырғыдан жоғары. 3 мың гектар алқаптың дақылы орылып бітті. Қамбаға 60 мың тонна астық құйылды.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Г.Қалмырзақызының  материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Бәйдібектік шаруалардың биыл асығы алшысынан түсті. Аудандық ауылшаруашылығы бөлімі жер емген шаруа қожалықтарына тиесілі субсидияны үлестіріп берген болатын. Мемлекет қолдауына иек артқандардың алғысы шексіз.

Биыл егін бітік шықты. Уақытпен санаспай еңбек еткендер гектарына 30-35 центнерден өнім алып жатыр. Шаруа қожалықтарының техника жағынан да ұпайы түгел. Аудан мал азығын дайындау бойынша да өзгелерден оқ бойы озып тұр.

Астықты шашпай-төкпей жинауға жұмылғандар күннің ыстығына қарамай, еңбек етуде. Қоймада астықты өлшеуге арналған құрылғылар орнатылған. Егістік дәнін қоймаға орналастыру үшін 20 жұмысшы бекітілген.

Нан болса, ән де болады. Қамбасын астыққа толтырған шаруаның көңілі де жай. Балапанын күзде санауды әдетке айналдырғандар биыл жоғары нәтижеге қол жеткізуді жоспарлап отыр.

 

Пікір жазу