Созақтық кәсіпкерлер мал шаруашылығын дамытуды қолға алды. Жергілікті шаруалар мемлекеттік бағдарламалар аясында төрт түліктің санын арттырып, мал бордақылау алаңдарын көбейткен. Нәтижесінде жұмыссыз жүрген ауыл тұрғындары екі қолға бір күрек тауып отыр.
Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ә.Дәулетбекқзының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.
«Балтабай» шаруа қожалығы 2018 жылы жұмысын бастаған. Мал бордақылау алаңы 9 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Жылына 500 тонна өнім өндіруге қауқарлы мекеме жылқы, ірі қара, қой етімен «Қазатомпром» өндірістік орнын қамтамасыз етіп отыр.
Батырхан Аяпов – Созақ ауыл округінің әкімі: Жалпы жыл басынан бері 300 ден екі рет мал бордақыланды. Cұраныс жақсы. Ауыл тұрғындарын да етпен қамтып отырмыз.
Құдайберген Баратбаев мал шаруашылығымен айналысып жүргеніне 10 жылдан асыпты. Тәжірибелі жұмысшы жылқы бордақылаумен айналысады. Оның айтуынша уақтылы жем-шөбін беріп, қарауы жақсы болған малдың еті сапалы болады. Сондықтан да сұраныс жоғары.
Құдайберген Баратбаев — «Балтабай» шаруа қожалығының жұмысшысы: Уақтылы жем-шөбін берем. Қарап-баптап өзім қадағалаймын. Осы салада жүргеніме 10 жыл болды.
Қазіргі таңда «Балтабай» шаруа қожалығы ауқымын кеңейтуде. Қосымша 250 басқа арналған қора салынып жатыр.