Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТУРИЗМ ДАМУЫНДАҒЫ ТЫҢ ҚАДАМ

ТУРИЗМ ДАМУЫНДАҒЫ ТЫҢ ҚАДАМ

Түркістан Облысының Қоғамдық даму басқармасының тапсырысына сәйкес, «Open Kazakhstan» ЖШС-нің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: «рухани Жаңғыру» мақаласы аясында өткізілген «Тарихы терең Түркістан» өлкетану ақпараттық туры барысында жобаға қатысушылар Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында орналасқан ХІХ ғасырдың ақырындағы сәулетті ескерткіштердің бірі – Аппақ Ишан мешіт-медресесіне барып, тарихымен танысты.

Қазақстанда медреселер Орта Азияға қарағанда кейірінек пайда болған, сол себепті олардың саны көп емес.

Ел аузындағы аңыз бойынша, қазіргі Аппақ ишан мешіт- медресе құрылысын XIX ғасырдың ортасында Қасым ишан бастап, ол қайтыс болғаннан кейін баласы Сабыр жалғастырып, немересі Аппақ ишан аяқтаған. Аппақ ишан мешіт-медресесінің құрылысы күйдірілген қыштан салынған.

1926 жылы мешітте діни мектеппен қатар тұңғыш рет қазақ бастауыш мектебі ашылған. Мектептер 1933 жылы бастауыш, 1934 жылы жеті жылдық, 1937 жылдан орта мектепке айналып, кейін жаңа жайға көшіріледі. Ал, мешіт-медресе Шаян ауылындағы тарихи жәдігер ретінде бүгінгі күнге жетті.

(Ә.Ә.)

(Асхат Әссандидің фоторепортажы)

Пікір жазу