Шымкентте жас ғалымдар бақ сынасуда, деп хабарлайды «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі А.Жапаппардың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Миллионды қалаға еліміздің әр аймағынан келген 100 оқушы «Дарынды жастың рухани келбеті» атты республикалық ІІ «Үздік ғылыми жоба — 2019» байқауына қатысуда.
«Қазақстанның білім және ғылым әлемі» республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық орталығы және Қ.Спатаев атындағы №7 мектеп — лицейдің ұйымдастыруымен өтіп жатқан сайыс оқушылардың ғылыми — зерттеу және оқу — танымдық жұмыстарын ынталандыру және ой еңбегінің беделін арттыруға бағытталған.
Байқауға жалпы 200-ден астам жұмыстар ұсынылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ақтық сынға тек жартысы өткен. Үміткерлердің ізденіп, ден қойған тақыраптары да сан — алуан. Барлығы тыңғылықты дайындықпен келген.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе», — дегендей, біздің еліміз үшін дарынды, білімді жастардың орны бөлек. Жастардың талаптарын ашуда мұндай шаралардың тигізер пайдасы өте үлкен екені анық.