Күзгі-қысқы 2019-2020 жылдары өрт қауіпті кезеңнің басталуына байланысты Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті зілзалалардың қауіп — қатерін азайту және азаматтық қорғау саласында бақылау басқармасы «Жылыту» маусымдық профилактикалық операциясын ұйымдастырды. Осы операция шеңберінде Абай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инспекторлары тұрғындармен пештерді және басқа да жылыту құралдарын пайдалану ережелері туралы профилактикалық жұмыстарын белсенді жүргізуде. Профилактикалық іс-шараларды өткізуге өрт сөндіру қызметінің Мамандандырылған жасақтың өрт сөндірушілері де тартылуда. Қазіргі таңда Жаңаталап, Хамза, Көкбұлақ елді мекендерінде бірлескен рейд жүргізілді. Бұл жерлерде тұрғындардың көпшілігі пешпен жылытуды пайдаланады. Рейд барысында Төтенше жағдайлар қызметкерлері жеке меншік үйлердің иелерімен өртке қарсы нұсқаулық жүргізді, оқыту жадынамаларын таратты. Төтенше жағдайлар қызметкерлері кезекті рет азаматтарды аса сақ болуға, өзінің қауіпсіздігі мен мүлкіне немқұрайлы қарамауға шақырады.
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы