Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ТІЗГІН және 100 КҮН: шалғайдағы елдімекендердің жол-инженерлік инфрақұрылым жүйелеріне қаржы қаралады

ТІЗГІН және 100 КҮН: шалғайдағы елдімекендердің жол-инженерлік инфрақұрылым жүйелеріне қаржы қаралады

Үшінші мегаполис атанған Шымкенттің алдында тұрған ауқымды міндеттерді саралау мақсатында Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Айтахановты қабылдап, жаңа әкімнің Түркістан облысынан қалаға қосылған елдімекендерге жол салу, газ тарту, электр жарығымен және ауыз сумен қамту бойынша жоспарымен танысты. Кездесу соңында Қасым-
Жомарт Тоқаев Ерлан Айтахановқа қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. Осы бағыттағы жұмысты жүйелендіру мақсатында қала басшысы әр ауданды секторға бөліп, өзекті мәселелер көрсетілген әлеуметтік карта әзірлеуді салалық басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне тапсырды
Бүгінде тапшылықтарды жою үшін республикалық бюджеттен 6,2 млрд теңге қосымша қаражат бөлінуде. Мәселен, жыл соңына дейін Айкөл, Ақжар, Сайрам елдімекендеріне сапалы ауыз су жүргізіледі. Оған қоса Достық шағынауданынан басталатын магистралды су құбыры аяқталып, нәтижесінде Ынтымақ, Жаңатұрлан, Батыс елдімекендеріне су беру мүмкіндігі пайда болады. Сонымен қатар, таяуда ғана қоғамдық көлік мәселесі шешілген Тұран шағынауданындағы «Әдия» және «Отау» тұрғын үй кешендеріне баратын жол құрылысына да қосымша қаржы қаралды. Жалпы, алдағы уақытта шалғайдағы елдімекендердің жол-инженерлік инфрақұрылым жүйелеріне қаржы қаралатын болады. Спорт және мәдениет нысандарына да алдағы жылы қаражат қарастырылады.

Пікір жазу